Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2014 ббк пікір жазғандар



бет3/8
Дата15.04.2018
өлшемі2,57 Mb.
#40184
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ахметжанова Ф.Р., Дүсіпбева Қ.С. Қасиетті сандар қатысқан ескіліктері. Ғылыми басылым. – ШҚТУ, Өскемен, 2001.

  2. Доспамбетова Ә. Қырық қазына. – Алматы 1987. – 357 б.

  3. Қайдар Ә.Т. Халық даналығы. – Алматы, 2004. – 483 б.

  4. Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 608 б.

5.Керімбаев Е. Атаулар сыры. – Алматы: Қазақстан, 1984. – 370 б.

6. Қазақ Совет Энциклопедиясы. – Алматы, 1976. – 506 б.

7. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 1-10 тт. – Алматы: Ғылым, 1974-1986.


Резюме

В статье рассматривается наименование «сорок», происхождения и значения в тюркских языках, а также их познавательные семантические особенности.

Summary

The article considers the name "forty", the origin and significance in the Turkic languages​​, as well as their cognitive semantic features.



АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВТЫҢ «БЕСАТАР» ПОВЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ
Абдул Рахманұлы Абдулкәрім. ҚазҰПУ 4-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., доцент Рахметова Р.С.


Тіл – ұлттың таным көрсеткіші. Тілдік қолданыстар, тіркестер, сөз оралымдарының бәрі ұлттың қоршаған әлемді тануынан, яғни, дүниетанымынан туған. Ұлттық ерекшеліктің жойылуы  ұлттың жойылуы. Ал ұлттық ерекшелікті сақтаудың қайнар көзі, бұлағы  жазушыларымыздың еңбектері.

Қазақ тарихында әр заман өз ұлыларын дүниеге алып келіп отырды. Осындай тарихи тұлғалардың бірі өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген жазушы, эрудит Асқар Сүлейменов екені анық. Ол өмір сүрген кезең интернационализм туының астында «мәңгүрттендіру» саясатының құлаш алған дәуірі болатын. Бұл жайлы Серік Асылбекұлы өзінің монографиясында былай дейді: «Отанын, анасын, туған тілі мен салт-санасын тәрк ету арқылы өзіндік бет-бейнесінен жұрдай болған мәңгүрттер тобы нақ осы дәуірде көбейіп, адамзат үшін тым қауіпті күшке айналып бара жатқан еді [1, 202]». Осынау рухани құлдырауға көзі ашық зиялы қауым өкілі ретінде күрескен, ұлттық құндылықтарды сақтап қалуға тырысқан, әдебиеттегі интелектуалды-лингвистикалық прозаның бірден-бір өкілі ретінде Асқар Сүлейменовтың шығармалары бүгінгі күн үшін құнды мұра. Әсіресе, «ұлттық намыс пен империялық өктемдік арасындағы арпалыс» [2, 146] суреттелген «Бесатар» повесі өзіндік баяндау стилінің арқасында тілдік танымдық тұрғыдан алғанда берері мол.



Жазушының прозалық туындылары Гүлзия Пірәлиева былай дейді: «А.Сүлейменов шығармалары оқырмандарды бірден баурап алып кете қоймайды. Сөйлемдері қысқа болғанымен оқуға ауыр, ой мен сезім қақтығысы (қарамен бояған біз− А.А.)мол күрделі әлемге алып келеді» [3, 349]. Ал Асқар Сүлейменов шығармаларының поэтикалық тілін қарастырған мақаласында академик Рәбиға Сыздық «Бесатар» повесінің композициясын талдап, тарауларының барлығы кейіпкерлердің ойымен баяндалғанын айта келіп: «Ой (қарамен бояған біз− А.А.) дегеніміз әмсе жайдақ болмайды, күрделі, түс сияқты шытырманды, арман сияқты бейнелі (образды) болып келеді... Сондықтан жазушы Асқар бір нәрсені: затты, құбылысты, адамды сипаттағанда дәл келсе де нақты анықтауыштарды қолдана салмайды, бейнелі, астарлы, тосын эпитеттерді таңдайды» [2, 147].Әрине, әрбір жазушы ойын жеткізу үшін әр түрлі көркемдік құралдарды, соны тіркестерді пайдаланады. Бірақ бұл тіркестердің өтімді болуы оқырманның таным тұғырына, тұрмыс-тіршілігіне тікелей байланысты екені жасырын емес. «Асқар үшін бұл меңгерілген жайлауы сияқты елес береді» (Ғ.Мүсірепов) [3, 4].

Эпитет жалпы көркем туындыларда сөздің мағыналылығын, әсерлілігін, суреттілігін күшейтуге қызмет етеді. Суреткердің эпитет сөздерді қолдануы өзінің дүниетанымына (қарамен бояған біз − А.А.), стиліне, идеялық көркемдік мақсатына, эстетикалық талғамына, өзі бейнелеп отырған өмір құбылыстарына қарым-қатынасына... да байланысты [4, 69]. Асқардың суреттеген сәскесі сары, бесіні қоңыр, құптаны қара, сәресі құлан иек болып келеді [2, 147]. Бұлардан басқа Асқарда аспаншыл биік, тізешіл төре, от кескін, мұз кескін, малдасшыл төре, қазақсырап тұрған түрме, ақжал айғыр, сәлемқұмар жұрт, күшікей үміт, шолақ бұйрық, кінәмшіл құрсақ, құзар құз, жылан бел, күміс бұлақ, ту жусан тұнған бөкен жон адыр, кекесіннің еншісі саналатын мырсыл, лапылдаған қою қара сағым, тақтай төс, дардай кісінің парлаған көз жасы, ақ теңбіл қайың орман, өрекпіп келген көңілдің межесінен табылар бөлекше бір қылық, былқылдақ жер, шөжім көйлек-дамбалдың ышқыры, қолтығынан көк ала бит аулап отыратын қалың мұжық, аза бойыңды қаза тұрғызар зар, етжең бет-ауыз, бөдене құрықтатып күзеп тастаған сақал, қазынаға күпті өлкенің алтын буынан мәйектеніп алған кәрікөз банкир, сауыры төңкерілген ту бие, ыңыршағы айналған ала бүйір көк сиыр, құндыз бөркін шекелеткен қазақ, шөжім дамбал мұжық, тас кешті заман, ақ шашты ана, бөкен адыр, мақау дыбыс, қой кенесі жыртылып айрылатын атқора-абақты, кеттім-бардым үш төрт ауыз сөз, ақты-азалы жиын, шарасы кең қой көз, мұң сіңді қоңыр дауыс, саба түбі сарқынды жас, ұлудың ауыл үстіндегі заузасы, ат осқырып оқ ысқырған қалың мұнар, кісінеп табысқан тармақ-жолдар, бір үйір қыраулы сөз, отырғызам деп қазыққа, омақастырам деп орға сүйрейтін алапат бір жағдай, жағдайат сұрамайтын жағдай, шаңырақ қаусап, от шалқыған, саршатамыздың шыжи бастаған сары күні, алқайлап ысқырынған көк шегірткенің дауысы, тізе бүгіп су ішетін түз мінез, шоқпаршыл ашу, ішек үзді күлкі, бала құлаш жер, тепсініп келген кекесін, тұтқын сөз тәрізді бірқатар соны эпитетерді кездестіреміз. Таным биігінен қарайтын болсақ, бұлардың ешқайсысы жат дүние емес. Мысалы: биіктің бәрі аспанға талпынатыны, аспан концептісі биік деген мағынаны да қамтитыны, күнделікті өмірімізде орнықты категорияға айналған, дәлелдеуді қажет етпейді, өктемдік көрсету, билігін пайдалану, бағындыру, басу, жаншу, күш көрсету сияқты сөздерді жаңа қырынан көрсету үшін халықтық таным тұрғысынан «тізешіл» сөзі де орынды қолданылған. Кекесіннің жай келмей тепсініп келетіні, оқыстан туатыны, іште қалмай теуіп болса да тысқа шығатыны заңдылық, күнделікті өміріміздегі қарапайым жағдай. Асқар Сүлейменов, Мұқағалиша айтсақ: «қазақтың күпі киген қара өлеңін» (біздің жағдайда «қара сөзін» − А.А.) шекпен жауып өзімізге қайтарған.

Әдеби тілге үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосатын, сол арқылы әдеби шығарманың мазмұнын құнарландырып, пішінін ажарландыратын көркемдеу құралдарының бірі – теңеу [5, 217]. Теңеу сөздерді де суреткер өзінің танымына...(қарамен бояған біз− А.А.) сәйкес таңдап қолданады [4, 73]. Теңеу – таным нәтижесі. Сондықтан, теңеулердің дені этнографиялық, ұлттық сипатта болады [2, 150]. Асқар Сүлейменов тілі бұдан да кенде емес. Солқылдақ көк шыбық ұстап отырғандай сезіну, ін аузындағы суырдай қылт-қылттап отырған күдік, Еркелігінен жаңылып, жалынуға әлі үйрене алмаған жылқының дауысындай, үріккен құстың үйіріндей, қозы аузындай қорапша, сақинасын жоғалтқандай өзеннің жағасында шашын жайып жылап отыратын құба тал, Крейгель әкесінің ата мекенге.. деген ықыласының шіркеуге сырт көз үшін ғана баратын кәрі қыздардың діндарлығындай-ақ екенін оңай ұққан, қылмыс үстінде танысқан бастасымен табысқандай сынып қалды, сасық балшықтың иісіндей қолқа суырар жиреніш түйсік, мысық көрген иттей ырылдап қоя беру, ұйғырдың қамырындай қалай созса да кере құлаш болып кете боп кете беретін заң-закон, сақина буғандай шекесі шырқырау, қырым мәсінің қоныш әжіміне бейне ата кегі кеткендей шүлігу, етінен ет кескендей шар ете қалу, піскен көмештей бұлтиған бет, түйеден түскендей дүңк етпе сөз, қыл шылбырдың түйініндей бүйірге бату, бейне қарта асағандай тоғайып қалу, От тиген қалың қаудай жану, тамырының төрінде жантайғандай манаурау, жаңбырсіңді қыл арқандай ширатылған төре, көкжал тірсектеген бөкендей туралап қалу, жұлдыз іздегендей түндікке ұлып тұрып алу майын алған сүттей қағазға терген қолжазба, арқалығын мұз қарығандай ұмтылып, иіліп отыр, зеңгір құздың басына шығарып ап сілкіп-сілкіп тұрып қорқау тереңге, тас етекке лақтырып жібергендей, шайтан да естіместей сыбырлап, нәресте иіскегенде қарашығында мейірім маздайтын әжейдей, қабыланның терісіндей теңбіл шұбар кезең, молда торғайдың тұқымындай жұтқыншақ, бейне намазға жүгінген кісіше шөкелеп шоқиған кексе солдат сияқты теңеулер жазушы шығармаларының өн бойынан кездеседі. Қызық, қолыңа солқылдап тұрған жас, суы кебе қоймаған көк шыбық түсе қалса соғып қалуға тырысатын сезім бәрімізде болған шығар? Жазушы, сөзбен шағып алуға дайын тұрған адам бейнесін, оның ішкі жан дүниесін беруде мұндағы теңеуді қазақы таным тұрғысынан өте жақсы қолдана білген. Майын алған сүтке теңелген қағаз, түйеден түскен сәттегі ерекше дауыс, ұйғырдың қамырына ұқсап созыла беретін заң-закон сияқты теңеулер тікелей қазақтың тұрмыс-тіршілігінен, таным-түйсігінен келіп шығап, бір-бірімен байланыса бермейтін тіркестер тігісі жатқызыла, жалпыға түсінікті тілмен сыпайы берілген. Ал шайтан да естімейтін дәрежеде сыбырлау, намазға жүгінген кісіге ұқсап қимыл жасап, шөкелеп шоқиатын жасы үлкен солдат сияқты теңеулер мың жылдан астам уақыт біздің өмірімізге енген, санамыздың түкпір-түкпірінен орын алған асыл дініміз ислам танымынан туған  танымдық бірліктер.

Үкі көзденіп сәт-сәт жапақ ете қалғанда ұстараның жүзіндей алмас сұр өткірлік байқатады [3, 158]. Тәрбиесінде кішіден алдымен иба, үлкеннен алдымен салиқалық күтіп үйренген жас жігіт бұтынан бұзау өткендей ұзын сирақ офицердің мына қылығынан қатты ыңғайсызданып қалып еді [3, 161]. Бүгілген белі қатты ұйыған осы тұста, Сәруар дақпырт пен өсектің әсіресе қазақ арасында – саңырауқұлақтай тез, қабынып өсерін ойлап қалып еді [3, 164]. Бөрі қуғандай міне құйғытады екен – терлеп қапты [3, 175]. Шаптан жарып кіріп ап кеудеге, жылы жұмсаққа ұмтылған қасқырдай қылғытқан сайын қызынып, қызынған сайын қорқауланып [3, 208]. Бұлардың барлығы  қазақ танымына сай салыстырулар, теңеулер. Кейбір көзқарастардың ұстараның жүзіндей жалт-жұлт етіп тесіп кетердей болып көрінетіні жасырын емес қой. Қазақы ортада, қазақы таныммен өскен жігітке ұзын сирақ офицер бұтынан басқа-басқа емес, шошқа емес, бегемот, жираф емес бұзау өткендей боп көрінетіні  ақиқат.

Академик Рәбиға Сыздық Асқар Сүлейменов шығармаларындағы теңеулерді талдағанда, олардың ұлттық таныммен қатысына көп мән береді. Оны ғалым былайша тұжырымдайды: «Төрехан өз жасын саба түбі сарқындыға теңесе, орыс империясының төресін ширатылған су сіңді қыл шылбырға балайды, автор Төреханды тай сабаға, баласы Сәруарды құла қайың тегенеге теңестіреді. Бұл теңеулердің барлығы да қазақ өмірінен, қазақ танымынан алынған. Асқарда жасанды әлеміш теңеулер жоқ. Демек, халқы үшін жан пида етіп отырған әке мен баланың көзімен баяндалған әңгімеде теңеу, салыстыру, дүниетаным дегендер нағыз ұлттық, нағыз қазақтық болып ұсынылған» [2, 150].

Жазушы танымында бұғу, жасқану сөздері – бұқпан торғайлық болып жай іс-әрекет ретінде емес, мінез ерекшілігі, кесір қасиет ретінде кекетіліп ұсынылады. Тілмашты «қолбала» деп беріп, бір сөзге бірталай мағына үстемелейді, әрі жоғарыдағы келтірілген тіркестердің бәрін қазақы танымға сай қолданады. Ондағы сауал да түлкі кейпіне енеді. Ұлттық дүниетанымымызда түлкі қу, айлакер болып әспеттеледі. Осыны пайдаланған жазушы риторикалық сауал, қулығын іске асыру үшін қойылған сауал дегеннің орнына «түлкі сауал» дейді де қарапайым, әрі, тірі тіркес жасайды.

Бір қызығы, жазушы шығармадағы әрбір кейіпкердің аузына өзінің тұрмыс-тіршілігіне сай сөздерді, сөз тіркестерін салады. Бұл бір жағынан оның танымын, екінші жағынан оның кәсібін танытады. Оған қоса, сыншы Зейнолла Серікқалиев жазушы шығармалары туралы: « ...Сан-сала ұрпақ тәрбиесінде нағыз тіл ұстарту құралын да табуға, жасандыруға болатын, желдірпе қызықшылдық ауылынан алыс тілдік қоры, құбылысы, бояу-реңкі мелінше бай...» [6, 4], − дейді.

Әрине, бұл мақаламен Асқар Сүлейменов шығармаларындағы таным мәселесі толық айтылды, сараланды деуден аулақпыз. Бұл теңізден тамшы болуға жараса да, мақсатымыз орындалған болар еді.

Қорыта келгенде, Асқар Сүлейменов шығармалары бүгінгі заман талабымен қайта қарауды, терең зерттеуді, жан-жақты талдауды қажет етеді. Жазушы шығармаларын тілдік тұрғыдан жан-жақты, тереңірек талдау  алда тұрған келелі мәселелердің бірі. «Сан-сала ұрпақ тәрбиесінде нағыз тіл ұстарту құралы» (З.Серікқалиев) ретінде де біраз кәдеге жарары анық. Ал, ең маңыздысы, бүгінгі жаһандану дәуірінде тіліміздің нәзік иірімдері мен мол мүмкіндіктерін, кең тынысын сақтау үшін де осындай шығармаларды көптеп айналымға жіберуді күн тәртібіне қою қажет-ақ. Асқар Сүлейменов бір «Бесатар» повесі арқылы ғана қазақ дүниетанымының көкжиегіне көтерілгенін таныта білді. Ұлттың ерекшелігін сақтау үшін ең алдымен сол ерекшелікті тану қажет. Асқар Сүлейменов шығармалары сонысымен құнды, сонысымен тартымды. Ол бізге өз шығармалары арқылы сол ерекшеліктерді көрсете білді.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Асылбекұлы С. Қазақ повесі (Эволюция, генезис, поэтика). Монография.

  2. Сыздық Р. Сөз құдіреті. − Алматы:Санат, 1997. − 224 бет.

  3. Сүлейменов А. Шығармаларының толық жинағы. Т.1. Әңгімелер мен повестер.  Алматы:«Қазығұрт» баспасы, 2006. − 368 бет.

  4. Мақпырұлы С. Адамтану өнері. Филология факультеттері студенттеріне арналған оқу құралы.  Алматы:Арыс баспасы, 2009. – 214 бет.

  5. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы:«TST – Company», 2006. – 360 бет.

  6. Серікқалиұлы З. Тектілік // «Қазақ әдебиеті», №10, 09.03.2001.


Мақалада Асқар Сүлейменов шығармалары танымдық тұрғыдан зерделенген.

В данной статье произведение А.Сулейменова рассматривается в когнитивном аспекте

In given article A.Sulejmenova's work is considered in cognitive aspect


М.ҚАШҚАРИДЫҢ «ДИУАНИ ЛҰҒАТ ИТ-ТҮРК» (ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ СӨЗДІГІ, ХІ Ғ.) ДЕГЕН ЕҢБЕГІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Б.А.Байжанова ҚазМемҚызПУ 2-курс студенті

Ғыл.жет., ф.ғ.к., проф.м.а. М.Ә.Жүнісова


Әлемдік тіл білімінде ХІ ғасырда-ақ түркі тілдерін салыстырып, энциклопедиялық еңбек жазған М.Қашқари сөздігін зерттеу түркі халықтарының, соның ішінде, қазақ тілі мамандары үшін өте өзекті.

Мақаламызға арқау болған ғалым Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткішінде [Сарыбаев Ш.Ш. Қазақ тіл білімі әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші. Алматы. І-V т., 1965] қазақ тіл білімінде осы сөздік жайындағы ғылыми зерттеулердің жалпы саны ─ 58 еңбек.

Зерттеу барысында осы жарияланымдардың жалпы атаулары тізіліп, тіл білімінің қай саласы бойынша қандай жұмыстар бар екені анықталды. Нәтижесінде М.Қашқаридың өмірі туралы мәліметтерді М.Томановтың [Томанов М.Махмуд Қашғари. – Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары (IX-XIX ғғ.). Алматы, 1964, б. 153-166; Томанов М.Махмуд Кашгари. – В кн.: «Великие ученые средней Азии и Казахстана (VIII-XIXвв.)». Алма-Ата, 1965, с. 104-118], А.Ибрагимованың [Ибрагимова А.Түрік тілдерінің тұңғыш ғалымы. – Білім және еңбек, 1963, №2, б. 24-25.], Ғ.Мұсабаевтың [Мусабаев Г.Г.Некоторые сведения о жизни Махмуда Кашгари. – В кн.: «Исследования по тюркологии». Алма-Ата, 1969, с. 48-62. ], Т. Арыновтың [Арынов Т. М. Қашқари туралы жаңа дерек. – «Қазақ әдебиеті», 1973, 14 декабрь, №50.], Ә.Қоңыратваетың [Қоңыратбаев Ә.М. Қашқари – ұлы ғалым («Диван луғат-ат түрік» сөздігінің 900 жылдығына). – «Қазақстан мұғалімі», 1975, 7 февраль, №6.] еңбектерінде ғалымның қай жерден шыққаны, білім алу үшін қандай ғылыми еңбектермен таныстығы көрсетілген. Ал енді бірнеше мақалалар тіл білімінің әртүрлі саласына аталған ескерткіштің негіз болғандығын дәлелдейді. Біздің мақаламыздың зерттеу нысаны - әлемдік лингвистикада орны бар түркі перзенті ғылыми еңбегінің қазақ тіл білімінде зерттелуі. Бұрын М.Қашқари еңбегінің зерттелуі ғылыми мақала нысаны болған [Құрышжанов Ә. Түркі тілдерінің ең алғашқы зерттелуі жайында (М. Қашқаридің еңбегінің 900 жылдығына). – «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы», 1 шығуы, 1972, б. 79-81]. Біздің ерекшелігіміз, осы еңбектің қазақ тіл білімінде зерттелуі болып табылады.

Қазақ тілі ─ қазақ халқының, қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қызметін атқарып отырған, арнайы заңмен қорғалған, тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламалары бар, халық қолданысындағы мәртебеге ие тіл. Тіліміз ─ бір мемлекеттің саяси, экономикалық, қоғамдық, ақпараттық жағдайларын реттеуші негізгі құрал.

Қазақ тіл білімі әлемдік лингвистика тарихында өзіндік зерттеу нысаны бар, ғылыми грамматикасы қалыптасқан, дәстүрлі тіл білімі қатарында қарастырылады.

Қазақ тіл білімінің барлық саласы арнайы терминдері қалыптасқан әлемдік лингвистиканың бір бөлшегі. Жалпы тіл білімінің заманауи бағыттары да қамтылып, қарастырылуда. Мысалы, конгнитивті тіл білімі, әлеуметтік тіл білімі, ассоциативті тіл білімі, контрастивті тіл білімі, қолданбалы тіл білімі, гендерлік лингвистика т.б.



М.Қашқари еңбегінен мәліметтер қазақ тіл білімініңәртүрлі салаларында зерттеліп,мысалдар берілген.

Фонетикасаласы бойынша М.Томановтың [Томанов М.Қашқари ХІ ғасырдағы түркі тілдерінің фонетикалық сипаты туралы. – Кітапта: Қазақ тілі мен әдебиеті (Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С. М. Киров атындағы мемлекеттік университеті). 1 шығуы. Алматы, 1971 (мұқабада – 1972), б. 141-147.], Р.С.Каирбаеваның [Каирбаева Р. С.Карл Броккельман о согласных звуках в языке тюрских племен ХІ века (по данным М. Кашгарского) //Қазақ тілінің мәселелері: Аспиранттар мен ізденушілер мақалаларының жинағы [С. М. Киров атындағы Еңбек ту Қызыл орденді Қазақ мемлекеттік университеті]. Алма-Ата, 1980, с. 112-133.] еңбектері бар.

Морфологиясаласы бойынша М.Томановтың [Томанов М.Етістіктің шақ тұлғаларының қалыптасуы туралы (М. Қашқари материалдарымен салыстыру негізінде). – Кітапта: Қазақ тілі мен әдебиеті (Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді С. М. Киров атындағы мемлекеттік университеті). 2 шығуы. Алматы, 1973, б. 79-88.], А.Хасенованың [Хасенова А. Махмуд Қашқари «Сөздігінің» қазақ тілі грамматикалық категорияларын зерттеудегі мәні. – Кітапта: Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. Мақалалар жинағы. Алматы, 1975, б. 65-80.], Ә.Құрышжанов пен Р.Қайырбаеваның [Құрышжанов Ә., Қайырбаева Р. XI ғасырда жасаған түркі тайпаларының тіліндегі сын есім тудыратын жұрнақтар (М. Қашқари еңбегінің материалдары бойынша). – Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабаршысы, 1980, №9, б. 47-53. (Резюме орыс тілінде).], Н.Ысқақованың [Ысқақова Н. «Диван лұғат ат-түрк» ескерткішінде шығыс септіктің қолданылуы. – Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы, 1980, №4, б. 5-10. (Резюме орыс тілінде).], Р.Қайырбаеваның [Каирбаева Р. Глаголообразующие аффиксы в языке «Диван лугат-ит тюрк» Махмуда Кашгарского. – Изв. АН КазССР. Сер. Филол., 1979, №4, с. 43-50. [Резюме на казахском языке].] деген еңбектері бар.

Лексикасаласы бойынша Ж.Жолаевтың [Жолаев Ж.Тіліміздегі кейбір сөздердің этимологиясын М.Қашқаридың талдаулары – Қазақстан мектебі., 1962, №4.], Қ.Өмірәлиев пен Қ.Келесұлының [[Өмірәлиев Қ.] Келесұлы Қ. М. Қащғаридің «Дивану луғат-ит түрк» деген кітабындағы мақал-мәтелдер. – Қазақстан мектебі, 1968, №9, б. 92-96.], О.Нақысбековтің [Нақысбеков О. М. Қашқаридің «Диван лұғат-ат түрк» атты еңбегіндегі төрт түлік мал атаулары. – Кітапта: Местные особеннности в казахском языке. Мақалалар жинағы. Алматы, 1973, б. 103-122.], Р.Қайырбаеваның [Қайырбаева Р. М.Қашқари еңбегіндегі мақал-мәтелдер. – Білім және еңбек, 1970, №12, б. 27.], С.Қасимановтың [Қасиманов С. Махмуд Қашқари еңбектеріндегі мал туралы мақал-мәтелдер. – Қазақстан мектебі, 1976, №5, б. 95-96.], Ә.Нұрмағамбетовтың [Нұрмағамбетов Ә. Қашқари сөздігіндегі кейбір сөздердің қазақ тілі айтылымдарындағы көрінісі. – Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы, 1979, №1, б.17-20. (Резюме орыс тілінде).], В.У.Махпировтың [Махпиров В. У. Некоторые этимологии антропонимов, этнонимов и топонимов по Махмуду Кашгарскому. – Вестник АН КазССР, 1980, №11, с. 72-74. [Резюме на казахском языке];[Махпиров В. У. Антропонимы в «Дивану лугат-ит-тюрк» и «Кутадгу билик». – Советская тюркология, 1979, №4, с. 22-28.]; [Махпиров В. У. Смысловые модели этнонимов «Дивону лугат-ит-тюрк» Махмуда Кашгарского и их типологическая классификация. – Изв. АН КазССР. Сер. Филол., 1980, вып.2, с. 41-46. [Резюме на уйгурском языке]]; [Махпиров В. У.Вопросы этнической истории тюркских племен в «Дивану лугат-ит тюрк» Махмуда Кашгарского//Исследования по киргизскому и казахскому языкознанию: (Материалы науч. Конференции молодых ученых-языковедов Киргизии и Казахстана, 28-29 октября 1981 г.). Фрунзе, 1984. С. 84-87.], [Махпиров В. У.«Дивану лугат-ит тюрк» Махмуда Кашгарского (ХІ в.) и вопросы тюркской антропонимики//Материалы респ. науч. Конференции молодых ученых и специалистов по обществ. наукам, посвящ. 110-й годовщине со дня рождения В. И. Ленина, 17-18 апреля 1980 г Алма-Ата, 1981, с. 204-205.]; [Махпиров В. У. Тюркские топонимы в «Дивану лугат-ит тюрк»//Советская тюркология. 1983. №1. С. 34-39.]; [Махпиров В. У.«Дивану лугат-ит-тюрк» Махмуда Кашгарского и проблемы тюркской антропонимики//Актуальные проблемы советского уйгуроведения: Материалы І респ. уйгуроведч. Конференции, 29-31 мая 1979 г Алма-Ата, 1983. С. 105-108.], Н. Ақбаевтың [Ақбаев Н. Кәусар бұлақ// Жұлдыз. 1983. №3. Б.203-206. (М. Қашқаридің «Диуани-лұғат-ит-түрк» кітабындағы мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер).], Қ.Өмірәлиевтің [Өмірәлиев Қ. М. Қашқари «Сөздігіндегі» поэзия үлгілері және оның дәуірі. – «Қазақстан мектебі», 1972, №2, б. 77-82.] еңбектері бар.

Синтаксиссаласы бойынша Н.Ысқақованың [Ысқақова Н.М. Қашқари сөздігіндегі тура толықтауышты меңгеру. – «Қазақ ССР Ғылым академясының Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы», 1972, №2, б. 69-72.]; [Ысқақова Н. М. Қашқари «Диванындағы» барыс септікті сөз тіркестері. – «Қазақ ССР Ғылым академиясының Хабарлары. Тіл-әдебиет сериясы», 1974, №3, б.53-55.], [Ысқақова Н. Тура толықтауышты сөз тіркестері (М. Қашқари сөздігі бойынша). – Кітапта: Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. Мақалалар жинағы. Алматы, 1975, б. 177-190.], [Ысқақова Н. «Диван» тіліндегі көмектес септікті сөз тіркестері. – Қазақстан мектебі, 1976, №1, б. 90-91.], [Ысқақова Н.М. Қашқари «Сөздігіндегі» жатыс жалғаулы сөз тіркестері. – Кітапта: Қазақ тілі мен әдебиеті. Алматы, 1975, 7-шығуы, б.94-99.], [Искакова Н. Винительный падеж в словосочетаниях «Дивана» Махмуда Кашгари. – Советская тюркология, 1977, №1, с.94-97.], Ә.Құрышжановтың [Курышжанов А. К. Махмуд Кашгари о кыпчакском языке. – «Советская тюркология», 1972, №1, с. 52-60.] деген еңбектері бар.

Сонымен қатар елімізде елу жылда бір рет (1950-2000 ж. аралығында) шыққан қазақ тіл білімінен қорғалған диссертациялардың көрсеткішінде [Қазақ тіл білімі бойынша қорғалған диссертация авторефераттарының библиографиялық көрсеткіші, Алматы, 2003, Ш.Ш.Сарыбаев; Ш.М.Сарыбай] 4 автореферат бар: Р.Қайырбаеваның [«Каирбаева Р. К.Брокельман о словообразующих формантах в языках тюркских племен ХІ века (по материалам «Диван лугат ит-тюрк» Махмуда Кашгари). Автореферат дисс... КФН. Алма-Ата, 1981, 27 с.], В.У.Махпировтың [Махпиров В.У. Собственные имена в памятнике ХІ в. «Дивану лугат-ит-тюрк» Махмуда Кашгарского. Автореферат дисс. КФН. Алма-Ата, 1980.], М.С. Бейсенованың [Бейсенова М.С. М.Қашқаридің «Диуану лұғат ит-түрк» атты сөздігіндегі төрт түлік мал атаулары. ФҒК... авторефераты. Алматы, 1997. 31 б.], М.Ә. Жүнісованың [Жүнісова М.Ә. Ескі түркі тілдеріндегі етіс категориясы (Махмуд Қашқаридің «Диуану лұғат-ит-түрк» деген еңбегі бойынша, ХІ ғ.) ФҒК... авторефераты. Алматы, 1994, 50 б.].

Сонымен қатар, түркологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткішінде [Библиографический указатель литературы по тюркологии, Астана, 2009, Сарыбаев Ш.Ш.] өзге ұлт өкілдері ғалымдарының бірқатар еңбектері бар: В.И.Аслановтың [Асланов В.И. «Дивану лугат-ит-тюрк» Махмуда Кашгари и азербайджанский язык//1972. №1. С.61-74.], Т.М.Гариповтың [Гарипов Т.М. Махмуд Кашгари и кыпчакские языки Урало-Поволжья//1972. №1. С.47-51.], А.М.Демирчизаденің [Демирчизаде А.М. Сравнительный метод Махмуда Кашгари// 1972. №1. С.31-42.], Г.Дёрфердің [Дёрфер Г. Махмуд Кашгари: аргу, халадж /Пер. с нем. И.Г.Добродомов и Г.Л.Зеленин//1987. №1. С.37-44.], А.Н.Кононовтың [Кононов А.Н. Махмуд Кашгарский и его «Дивану лугат-ит-турк»//1972. №1. С.3-17.]; [Кононов А.Н. Изучение «Дивану лугат ит-турк» Махмуда Кашгарского в Советском Союзе//1973. №1. С.3-9.], Г.К.Кулиевтің [Кулиев Г.К. О форме винительного падежа типа sӧzin, tewesin а тексте «Divanь lьgat-it-tьrk» Махмуда Кашгари//1970. №4. С.67-70.], И.Кучкартаевтың [Кучкартаев И. Лексика «Дивану лугат-ит-тюрк» Махмуда Кашгари и современный узбекский литературный язык (из сравеительного исследования глаголов речи)//1972.№1. с.83-90.], Ю.Мухлисовтың [Мухлисов Ю. Об уйгурском переводе «Диван лугат-ит-тюрк»//1972. №1. С.150.], Г.Х. Нигматовтың [Нигматов Х.Г. О глагольных корнях типа СГС и СГ по материалам Словаря Махмуда Кашгарского//1970. №3. С.39-44.]; [Нигматов Х.Г. Некоторые особенности тюркских авторски примеров в «Диване» Махмуда Кашгари//1972. №1. С.100-102.] т.б., диалектология бойынша М.Ш.Ширалиеваның [Ширалиев М.Ш. Махмуд Кашгари как диалектолог//1972. №1. С.24-30.] еңбегі бар. Ономастика мәселесі бойынша В.У.Махпировтың [Махпиров В.У. Антропонимы в «Дивану лугат-ит-тюрк» и «Кутадгу билиг»//1979. №4. С.22-28.]; [Махпиров В.У. Тюркские топонимы в «Дивану лугат-ит-тюрк»//1983. №1. С.34-39.].

Қорыта келгенде, жоғарыда келтірілген мәліметтер М.Қашқаридың сөздігі тіл білімінің барлық саласында қаралып, кейбір мәселелер терең зерттелген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет