Исаев оқулары (ғылыми мақалалар жинағы) Алматы, 2014 ббк пікір жазғандар



бет6/8
Дата15.04.2018
өлшемі2,57 Mb.
#40184
1   2   3   4   5   6   7   8

Резюме

В статье рассматриваются поэтические метафоры, характеризующие языковую личность видного писателя, государственного деятеля А.Кекилбаева.


ОРФОЭПИЯЛЫҚ ТІРКЕСТЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Ә. Бәкен ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.к., доцент Г.К.Қайдарова

Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерін «орфографиялық тіркес» және «орфоэпиялық тіркес» деп жіктеп жатудың кейде жөні бар. Соңғы шыққан «Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігінде» бұл жағдайды былай түсіндіреді: «Орфография мен орфоэпияның арасында толықтай сәйкестік болмайтынының әртүрлі себебі бар.

Орфографиялық ережелерді шартты түрде жалпылама екі топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа жататын ережелер тіл дыбыстарының өзара әсерінен, қолдану орны мен жағдаятына байланысты болған өзгерістерді жазуда таңбалауға қатысты. Бір ғана дыбыстың сөйлеу барысындағы түрленген айтылым варианттарын жеке-жеке әріптермен белгілей беру, мысалы, сөйлеу үстіндегі қатаң дауыссыздың ұяңдауы, ұяңның қатаңдауы, тоғысыңқы дауыссыздың жуысыңқы дауыссызға айналуы тәрізді дыбыстық өзгерістерді естілуі күйінше таңбалап отыру мүмкін емес. Алайда оларды «дыбыс тіркестері» деп қарауға тағы болмайды.

Сондықтан да «орфогорафиялық тіркес» пен «орфэпиялық тіркестің» басын анық ажыратып алып, олардың жіктелім белгілерін тауып отыру керек. Басқаша айтқанда, «әріп тіркесі» мен «дыбыс тіркесін» бір-бірімен шатастырмаған жөн.

Оқулықтар мен оқу құралдарында, өзге де зерттелімдерде дыбыс тіркестерінің көптеген айтылым үлгілері көзге түспей, қалыс қалып келеді. Өйткені олардың орнын «әріп тіркестер» алып жатыр.

Ендеше дыбыс тіркестердің құрамын түгендеп алу үшін «орфоэпиялық тіркестерді» бөліп қарауға тура келеді.

Орфоэпиялық тіркестердің жіктелім белгілері барлық уақытта ыңғайлас тіркестер болып табылады. Тіркес құрамындағы дауыссыз дыбыстардың үнді-ұяң, тіл ортасы және тоғысыңқы белгілері түгел өзара үйлесіп тұрады, өйткені алдыңғы сыңары үнді болып, соңғы сыңары ұяң болып қазақ тілі дыбыстары тіркесе береді. Сондай-ақ жасалу тәсілі екі сыңарына да бірдей тоғысыңқы. Ал жасалу орнына қатысты белгілері бір-бірімен ыңғайлас келіп тұр, өйткені бірінің жасалу орны тіл ортасы болса, екіншісінің де жасалу орны тіл ортасы болып тұр. Ең бастысы дыбыс тіркесінің айтылымында екеуі де тіл ортасы болып айтылуға тиіс артикуляциялық шарт орындалып тұр.

Дыбыс тіркесі құрамындағы дыбыстар өзара кірігу үшін олардың жасалымы белгілі бір сөйлеу мүшесінің сыртына шығып та кетеді. Бұл жерде де жоғарыда талданған тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді н дыбысы бар. Ал енді осы тіркестің жазба және айтылым үлгілерінің фонетикалық сипатын талдап көрейік. Тіркестің бірінші сыңарының артикуляциясы бізге белгілі, оның ішінен тек жасалу орнына қатысты тіл ұшы белгісін ескеріп отырамыз. Келесі сыңары: ерін арқылы жасалады; екі еріннің бір-бірімен тоғысуы арқылы жасалады; дауыс желбезегі жартылай тербеледі (дауыстан салдыр басым

Сонда дыбыстың жасалу орны ғана емес сөйлеу мүшелерінің орны ауысып кетті: тіл ұшы дауыссыз ерін[дік] дауыссызбен алмасты. Тіркестің алғашқы сыңарының артикуляциялық сипаты: ерін арқылы жасалады; екі еріннің бір-бірімен тоғысуы арқылы жасалады; дауыс желбезегі мол тербеледі (салдырдан дауыс басым). Сонда жасалу орнына қарай еріндік), жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы, дауыс қатысына қарай үнді болып шығады. Егер жазба және айтылым тіркестердің үлгілерін кестелеп беретін болсақ, онда тіркес үлгілерінің көрнекі таралымын табамыз.

Тең тіркестер деп қазақ тілінің айтылым үлгісіне сай жазба тіркестерді атап отырмыз. Басқаша айтқанда дыбыс тіркестерінің айтылымы жазылымына сай келіп отырады. Жалпы «дыбыс тіркестері» дегенде қазақ тіліндегі айтылым тіркестерді алға тартамыз.

Айтылым тіркестер ауызша мәтінге тән, сондықтан оларды тек ауызша мәтіннің құрамынан табамыз. Олардың жазылымы мен айтылымы барлық уақытта дәл үйлесіп отырады. Мысалы, мм, шш дыбыс тіркестері құммен, ашшы т.б. сөздердің құрамында жазылымы мен айтылымы бір-біріне сай келіп отыр. Ақиқат тіркестер тілдің қалыптасқан тарихи үлгісін сақтап қалудың басты амалы болып табылады.

Сонымен тең тіркестің басты белгілері олардың жазылымы мен айтылымының өзара сәйкестігі және оның қазақы дыбысталуы болып табылады.

Орфоэпиялық тіркес болғандықтан көңіл бөлетін тағы бір жай бар. Ерін қалпы дегенде дыбыстың жасалу орны ретіндегі көрінісін емес, оның үндесім қалпына қатысты қалпын айтып отырмыз. Орфоэпиялық тіркесте дыбыс тіркестері өздерінің негізгі белгілері бойынша ғана емес, үстеме белгілері бойынша да икемделеді. Жазба тіркесте үстеме белгілер ескерілмейді, сондықтан жазба тіркестер құрамында еріндік-езулік әріптер қатар тұра береді. Орфоэпиялық тіркесте олай болмайды, өйткені орфоэпиялық тіркес дыбыспен тікелей байланысты.

Дауыссыздар тіркесі өзара негізгі артикуляциясы бойынша (жасалу орны) және үстеме артикуляциясы бойынша (ерін қатысы) икемделіп барып кірігеді. Ендеше екі дыбыс өзара тіркес құрау үшін белгілі бір артикуляциялық шарттар орындалуға тиіс.



Жасалу орнына қатысты тіркестер:

Ерін/ерін тіркестер: пп, мм, ум, уп, уб

Ерін/тіл ұшы тіркестер: пт, мт, уд, ус, ур, уз, уш, пс

Ерін/тіл ортасы тіркестер: пк, мк, ук, уг, мг, уг

Ерін/тілшік тіркестер: пқ, мқ, уқ, уғ, мғ

Тіл ұшы/тіл ұшы тіркестер: тт, сс, нн, шш, рс, рт, лт, лм, ст, нд, нс, рз, нш, рн, рл, рд, лд

Тіл ұшы/ерін тіркестер: тп, рм, лм, лп, рм, рп, сп, шп, нм

Тіл ұшы/тіл ортасы тіркестер: тк, ск, рк, рг, зг, шк, йг

Тіл ұшы/тілшік тіркестер: тқ, рқ, сқ, лқ, лғ, рғ, шқ

Тіл ортасы/тіл ортасы тіркестер: ңк, ңг, йк, йг

Тіл ортасы/ерін тіркестер: кп, йм, йб, ңб

Тіл ортасы/тіл ұшы тіркестер: кт, кс, кш, ңс, ңш

Тіл ортасы/тілшік тіркестер: жоқ.

Тілшік/тілшік тіркестер: ңқ, ңғ, йқ, йғ, ққ

Тілшік/ерін тіркестер: қп, йм

Тілшік/тіл ұшы тіркестер: қт, йт, йн, йс, йш, йз, йж, ңт, ңс, ғд

Тілшік/тіл ортасы тіркестер: жоқ.

Жасалу тәсіліне қатысты тіркестер:

Тоғысыңқы/тоғысыңқы тіркестер: тт, мм, мт, пп, пт, нн, нд, нт, қт, мқ, ңқ, ңд, ңм

Тоғысыңқы/жуысыңқы тіркестер: қс, қш, тш, тс, нс, нш, мс, мш, мз

Жуысыңқы/жуысыңқы тіркестер: сс, шш, рс, рш, лс, лш, йш, йс, рз

Жуысыңқы/тоғысыңқы тіркестер: ст, шт, рт, лт, йт, йн, зб, жд, жб, зд, сп, шп, йд, йқ, йк, йп, йб, рқ, рн, сп, шп, йп, рп, лп, уд, ум, у.

Дауыс қатысына байланысты тіркестер:

Қатаң/қатаң тіркестер: тт, тқ, ққ, сс, сқ, шш, пп, тп, сп, шп, кк, кс, пк, кп, кш, шк, ск, ст, шт

Ұяң/ұяң тіркестер: бд, зб, жб, зд, жд, зғ, жг, зг

Үнді/үнді тіркестер: мм, нн, рм, рн, йм, йн, ңм, ңн, ум, ун, лм, ул

Үнді/қатаң тіркестер: лқ, лт, рт, рқ, йт, йқ, йс, йш, лп, рп, йп, лк, лп, лт, ңқ, ңк

Үнді/ұяң тіркестер: лғ, лд, рд, рғ, йд, йб, йғ, йз, йж, нд, мд, уд, уғ, уг, лг, лғ, рг, рғ, мғ, ңғ, ңг

Тоғысыңқы дауыссыздар тіркесінің өзіндік ерекшелігі бар. Тіркестің алғашқы сыңары тіл ұшы, тоғысыңқы, үнді н дауыссызы болады, ал екінші сыңары ретінде жасалу орны әртүрлі өзге тоғысыңқы дауыссыздар бола береді. Тоғысыңқы дауыссыздар тіркесінің осы дыбыс реті тұрақты болып келеді, өзге тоғысыңқы дауыссыздар бірінші сыңардың орнында, ал н дауыссызы екінші сыңардың орнында келмейді.

Алдымен н дауыссызының ерін дауыссыздармен тіркесін көрейік. Жасырын тіркес ретінде нп, нб, нм, ну үлгілері жиі кездеседі.

Артикуляциялық (жасалым) талданымды (жасалым суреттер) айырым белгілер талданымымен (айырым кестелер) үнемі толықтырып отырамыз.

Егер осы топтағы тіркестердің біреуіне артикуляциялық талдау жасап, айырым белгілер кестесін құрастырып алсақ, топ ішіндегі өзге тіркестердің де фонетикалық мазмұны ашылады.

Жуысыңқы дауыссыздар құрайтын дыбыс тіркестерін екіге бөліп қараймыз: біріншісі, тіркес құраудағы дауыс желбезегінің тербеліс әсері жайлы; екіншісі тіркес құраудағы жасалу тәсілінің әсері жайлы.

Қазақ тілі дауыссыздарының өзара жасалым айырмашылықтарының бірі олардың арасындағы дауыс желбезегінің тербелісіне қатысты болып шығады. Дауыс желбезегінің қатысына байланысты тіркес түрленімін жуысыңқы дауыссыздарға таңып қарастырамыз. Себебі дауыс желбезегінің тербеліс түрленімі жуысыңқы дауыссыздар арасында жиі кездеседі.

Дыбыс тіркесі болу үшін тіркес құрамындағы дыбыстардың арасында тығыз артикуляциялық байланыс болу керек. Әрбір артикуляциялық байланыстың өзіне тән акустикалық көрінісі мен перцепциялық нәтижесі болады. Қазақ сөйлермені осы белгілерді түйсіну нәтижесінде қазақ сөзін қазақы қабылдайтын болады.

Резюме

Бұл мақалада орфоэпиялық тіркестердің фонетикалық ерекшеліктері жайлы қарастырылған



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Сыздықова Р. Орфоэпиялық нормалар жайлы. // Өрелі өнер. Мақалалар жинағы. Алматы, 1976.

2.Мырзабеков С. Дыбыстар тіркесімі - орфография мен орфоэпияның негізі. Түркі фонетика-90. -Алматы, 1990.

3.Орфоэпиялық сөздік. –Алматы: Арыс, 2007.


БУЫН МЕН ТАСЫМАЛДЫҢ АРА ҚАТЫНАСЫ

Сатоболд Кулайхан №156 Жалпы білім беретін

орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Күні бүгінге дейін буын және оның шекарасын тану-фонетиканың ең басты қиын мәселесі. Әдетте буынның екі анықтамасы сөйлегендегі демнің жіктелуінде негізделеді. Буынның қалай пайда болатынын, жалпы сипатын аңғарғаннан кейін, алдымен анықтап меңгеріп алуды, қажет ететін қарапа-йым да аса маңызды ұғым-сөздің ара жігін табу, немесе сөзді буынға бөлу. С.Мырзабеков: «сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатыны анық. Буын жігі дауыстылардың қабатында тұрған дауыссыздардың қай жағына қарап кететініне байланысты»-дейді. Ал,профессор Қ.Жұбанов буын жүйесінің маңызын саралай келіп, буын жігі қайткенде оңай табылады дегенге:

Дауысты дыбыссыз буын болмайды.

Дауыссыз дыбыс жалғыз өзі де буын бола алады.

Бір буында бірден артық дауысты дыбыс болмайды.

Бір буында үштен артық дауыссыз дыбыс болмайды.

Екі дауыссыз бір буында қатар келетін болса, дауыстының соңына ғана келеді. Еш уақытта алдында екі дауыссыз қатар келмейді. Сөз ішінде дауыстыдан басталатын буын болмайды. Әр уақытта ортадағы, аяқтағы буын дауыссыздан басталады. Осы қорытындыға сүйене отырып, буын жігін оңай, механик түрде табуға болады.Ол үшін жазылған әрбір сөздің дыбыстарын аяқ жағынан бастап шоламыз. Дауысты дыбыстан соң келген дауыссызды елемей өте шығып, әрбір дауыстының алдыңғы жағынан бір дауыссыз тастап бөле береміз. Сонда неше бөлік шықса, сонша буын болады»,- деген пікірді алдыға тартады. /1, 373/. Мысал үшін «оқытушы» деген сөзді буындап көрелік. Аяғынан бастасақ аяққы дыбысы «ы»дауысты. Мұның алдында бір дауыссыз тастап бөлсек, «оқыту//шы» болады. Оған жалғас тұрған дауысты «у»-дың алдында бір дауыссыз тастап бөлсек, «оқы//ту//шы» болады. Бұған жалғас тұрған дауысты «ы»-ның алдында бір дауыссыз тастап бөлсек, «о// қы// ту//шы» болады. Сонда «оқытушы» сөзі төрт буынды болып, буын жігі «о-қы-ту-шы» тәрізінде ашылып шығады. Ж.Аралбаев буын жігі туралы мынадай пікір айтады: «Қазақ тілінде буын шегіндегі бір түрлі дауыссыздар (геминаттар) біркелкі күшті айтылады: ыс-сы», қат-ты, тәт-ті, аш-шы,т.б. Мұндай жағдайда оларды тең күштілер (двухвершинные) дейміз.Қазақ тілінде сөз ішіндегі, не сөз аралығындағы бір келкі дауыссыздар буын жігін көрсетеді», деген өз пікірін білдіреді./2,88/ Жалпы, осы айтылған пікірлерге сүйенетін болсақ, әр бір сөздің буынға бөлінген жері буын жігіболмақ.Буын саны, буын жігі дегенді С.Сұлтанов төмендегідей таблица арқылы ашып көрсетеді.



Сөздер

Буынға бөлгенде

Буын саны

Буын жігі

Қала

Терезе Жұмысшылар



Қа-ла

Те-ре-зе


Жұ-мыс-шы-лар

2

3

4



1

2

3



Соңғы қала деген сөзде 2 буын, 1 буын жігі, терезедеген сөзде 3 буын, 2 буын жігі, жұмысшылар деген сөзде 4 буын, 3 буын жігі бар екендігі айтылады /4,41/. Мұндағы мақсат-сөздер тасымалданғанда осы буын жіктерінен тасымалданатынын түсіндіруге болады.Cөздің көп буынды болып келгеніне қарамай, қазақ тіліндегі буын жігі оңай табылады. Себебі, табиғаты бөлек өзге тілдердегідей, мысалы, орыс тіліндегідей бір буын құрамында бірнеше дауыссыз қосақталып жүрмейді, оның үстіне қазақ тілінде бір сөздің құрамында екі дауысты қатар тұрмайды. Сөйтіп, қазақ сөзерінің құрамындағы дауысты-дауыссыздардың кезектесіп келіп отыратын жүйелі реті буынға бөлу мен тасымал жасауды жеңілдетеді.

Сонымен қазақтың бір топ сөздері буынға өзінің әдемі де, әуезді ретімен жіктеліп, оп-оңай тасымалданып жатса, екінші бір топ сөздері ешбір ыңғайға көнбей, іркіс-тіркес шашылып жатады. Ондай бірыңғай ережеге бағынбай-тын сөздердің буынға бөлу мен тасымал амалын тек жаттатуға тура келеді. Тасымалдың буынмен байланысты екені баршамызға белгілі.Алайда, тасымалдың буыннан айырмашылығы да бар. Буынға бөлінген сөздердің барлығы тасымалдана бермейді. Сөзді буынға бөлудің дұрыс жазу үшін маңызы зор. Жазу программасында сөз үнемі бір жолға сия бермейді. Жолдың аяғына сыймай қалған сөздің бөлігін келесі жолға шығару керек. Мұны грамматикада тасымал немесе сөзді тасымалдау дейді. Жол аяғында сөздің сыймай қалған бөлігін қалай болса солай тасымалдауға болмайды. Реті келген соң, осы тасымал мен буынның жігі арасын ашу үшін жоғарыда көрсеткен буын туралы ұғымға қоса, олардың яки, тасымал мен буынның ара жігін ашу үшін тасымалдың анықтамасына тоқталайық:

Сөзді буынға бөлу және тасымал мәселесін алғаш айтқан Ахмет Байтұрсынов «шақырғанға» деген сөзді буынға бөліп қалай тасымалдауға болатынын жан-жақтылы түсіндіреді. «Ша-қыр-ған-ға», «ша» буынды қалдырып, басқаларын келесі жолға асыруға болады. Я «шақыр» деген екі буынын қалдырып, басқаларын келесі жолға асыруға болады. Я «шақырған» деген буындарын, жалғыз «ға» буынды асыруға да болады. Егерде «шақ» деп бөліп, қалғанын асырсақ, дұрыс болмайды. Неге десек, қағида бойынша буын бөлінбеске тиіс. Ал, мұнда буындар бөлініп тұр: «шақырғанда» деп бөлгенде бөлгенде «ған» буыны екі бөлініп тұр/5, 197/. Профессор Р.Сыздықова: «Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөздер буын жігімен тасымалданады»,- деп тасымалға анықтама бере отырып, қандай сөздердің тасымалданбайтынын төмендегідей саралап көрсетеді.Мысалы: қа-лалық, қала-лық (қал-алық немесе қалал-ық емес), ота-нымыз, отаны-мыз (отан-ымыз немесе отаным-ыз емес), ок-тябрь (октя-брь), кіта-бымыз,кітабы-мыз (кіт-абымыз, кітаб-ымыз, кітабым-ыз емес) т.б. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у,и дыбыстары сол сөзді буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді де, буынның бірінші әріпі болады. Мысалы: та-уық (тау-ық емес), қа-йық (қай-ық емес), баянда-уыш ( баяндау-ыш емес),бара-йық (барай-ық емес).Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда у,й әріптері келесі жолда ғана жазылады. Екі (кейде үш) дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға қосымша жалғанып тұрған жерден тасымалданғанда, түбірдегі дауыссыздарды бөліп жіберуге болмайды. Мысалға айтсам, қарт-тар(қар-ттар емес),театр-лар (теат-рлар емес),маркс-тік (мар-кстік емес).

Түбір сөзде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде,алдыңғы екі дауыссыз алғашқы буынға кіреді де үшінші дауыссыз келесі буынның басқы дыбысы болады.Құ-мырс-қа (құ-мыр-сқа емес),жұ-мырт-қа (жұ-мыр-тқа емес). Екі дауыссызға аяқталатын сөздерге дауыссыздан басталатын қосымша жалғанғанда да осы үлгімен буындалады:абонент-тік (абонен-ттік емес), парк-ке (пар-кке емес).Біріккен сөздерде буын жігімен тасымалданады. Бі-рыңғай немесе бірың-ғай (бір-ыңғай емес), өза-ра (өз-ара емес),де-малыс, дема-лыс(дем-алыс емес). Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады. Мысал келтірсем, участо-гында немесе учас-тогында (участог-ында емес),съез-дің (съезд-ің емес), коммунис-тер (ком-мунистер емес). Дара дыбыстан құралған бір буынды жазып келе жатқан жолда қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға болмайды. Мысалы: ала-қан (а-лақан емес), еле-уіш (е-леуіш емес), ар-мия(арми-я емес), ою-лы (о-юлы емес).

Тасымалдағанда тыныс белгілерін жолда қалдырады.Оларды келесі жолға шығаруға болмайды. Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалға, 25 га, 15 см 1956 ж. (25//га емес, 15//см емес, 1956//ж. емес емес).

Адамның атын, әкесінің атын белгілейтін әріптерді фамилиядан бөліп тасымалдауға болмайды.Мысалы: А.Құнанбаев (А.//Құнанбаев емес),Н.В.Гоголь (Н.В.// Гоголь немесе Н.//В. Гоголь емес),т.б. /24,58 /. Буын құрамындағы дыбыстардың артикуляциялық тұрғыдан өзара кірігуі күрделі жасалым болып табылады. Дыбыстардың негізгі артикуляциясы әр түрлі өзгерістерге ұшырап жатады. Кейбір дыбыстар бастапқы артикулияциясынан айырылып қалуы да мүмкін. Жаңа қосалқы артикулияциялар пайда болып жатуы да мүмкін. Ендеше профессор Л.В.Бондарконың сөзіне құлақ асайық: «...Буын-дауысты мен дауыссыздың қарапайым қосындысы емес, айтылатын бірлік. Бұл дегеніміз,буынды артикуляциялау кезінде әр адам буынды құрайтын дыбыстарды жеке-жеке айтпайды, оларды өзара байланыстырады. Дыбыстар арасындағы ерекше байланыс пен оларды айтудағы дыбыстардың жалпылануы олардың акустикалық қасиеттеріне әсер етеді: егер дыбыстар өзара байланысты болса, олардың әр қайсысының артикулияциясы көрші дыбыстыңартикулияциясына әсер етеді де , дыбысталудың өзгеруіне әкеледі»/6,123/.Әрбір тілді зерттеп жүрген ғалымдардың басты міндеті осындай күрделі артикулияциялық құбылыстың ішінен сол тілге тән «буын артикулияциясын» тауып, оны сараптап шығу. Сөйтіп, сол тілге тән бірегей белгілердің басын ашу керек болады.Түркі және қазақ тіліндегі буын құрылымын қарастыра келіп, академик Ә.Қайдаров оның алты түрін атайды және олардың негізінен барлық түркі тілдеріне тән екеніне тоқталады /7,181/.

Профессор М.К.Исаев қазақ және ағылшын тілдерінің фонетикалық ерекшеліктерін өзара салыстыра келіп, қазақ тілінің өзіндік іргелі белгісі жайлы өз пікірін білдірген. Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сөзінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. « Сингармонизм әуезі (жуан,жіңішке,еріндік,езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады»,-деген пікір білдіреді. Ғалым еңбегінің басты ерекшелігі зерттеу нысаны зерттеу нысаны ретінде жазба мәтінді емес, сөйленім мәтінді алғандығында. Сондықтан, зерттеу нәтижелері қазақ тілінің шынайы айтылым тұрқын, жазу ықпалынан бөліп алып, дәл көрсетеді. Сөйлеу үстіндегі тілдік мәтінді ұсақ бөлшектерге жіктеу тіл білімінің басты проблемаларының бірі болып табылады. Тілдік мәтін қандай бөлшектерден құралады және ол бөлшектердің тізбек мөлшері қандай болу керек деген сұрақтарға ертеден-ақ қазақ лингвистерін толғандыра бастаған еді. Жалпы алғанда, буын мәселесі фонетика саласында әр қырынан талданып келеді.Ендеше, жалпы тіл біліміндегі ертеден-ақ толық шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі-буын мәселесі болып отыр. Осы тақырыпты терең зерттеген лингвист ғалымдар да көп. Атап айтсам, М.И.Матусевич, Л.Р.Зиндер,Л.В.Бондарко, Л.В.Щерба, Ә.Қайдар, Ж.Нәзибаев, З.Өтебаева, Р.Сыздық,С.М.Исаев, т.б. Қорыта келгенде,тілдегі буын мен тасымалдың ара жігін ажырату тіл білімінде толық шешімін таппаған мәселелер қатарына жатады. Мысалы, аюдеген сөзді буынға бөлгенде мектеп оқулығында а және ю болып екі буыннан тұрады деп көрсетеді. Ал, жоғарғы оқу орнында соңғы ғылыми жетістіктерге сүйене отырып, бұл сөздің айтылуын , яғни дыбысын шығарып алып, буын бөлу қалыптасқан. Сонда аю деген сөз айтылуы бойынша айұу болып төрт дыбыстан, ал буынға бөлгенде а-йұу болып екі буынға бөлінеді. Мұнан шығатын тұжырым сөзді буынға бөлу үшін оның орфографиялық тұлғасын аламыз, тасымал жасау үшін оның орфографиялық еміле жазу үлгісін аламыз. Сөзді тасымал жасау үшін буынға бөлу деген қалыптасқан пікір жаңсақ болып шығады. Жалпы, сөзді тасымалға бөлу үшін оны белгілі бір ережелер жиынтығы бойынша бөлшектейміз. Бұл ережелер қатарында сөзді буынға бөлу туралы пікірлер де шет қалмайтыны белгілі. Буын мен тасымалдың айырмашылығын көрсете отырып, буынға бөлінген сөздердің бәрі тасымалға келе бермейтіні белгілі. Сонда буынның өмір сүру формасы айтылу үлгісіне, тасымалдың орфографияға тән екенін байқауға болатынын айтуға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі.-Алматы.1999.

2. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер.-Алматы: Ғалым, 1988.-144 бет

3.Зиндер Л.Р. Общая фонетика.-Москва: Высшая школа, 1979.-312с.

4.Сұлтанов С.Буын мен тасымал туралы./Қазақстан мектебі, 1978/.

5. А.Байтұрсынов. Тіл тағылымы.- Алматы. Ана тілі, 1992.-443 бет.

6. БондаркоЛ.В. Звуковой строй современного русского языка. Москва, 1977 г.

7. Қайдаров А.Т. Структура однослозных корней и основ в казахском языке. Алма-Ата. Наука, 1986,-328 с.

8. Исаев М.К. Фонетические особенности английской речи казахов. Алматы; Наука. 1998.

9. Қазақ грамматикасы.-Астана. Елорда, 2002. 783 б.

10.Сыздықова Р. Қазақ орфорафиясы мен пунктуация жайында анықтағыш.-Алматы: Мектеп, 1974.-272 бет.

11.Матусевич М.И. Современный русский язык. Фонетика. –Москва, 2000.-352 с.

12. Өтебаева З. Фонетическая структура слого в казахском языке. Диссертация на сойскание ученой степени кандидата филологических наук.-Алма-Ата, 1988.-19 с.
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ БУЫН ТЕОРИЯСЫ ЖАЙЛЫ КӨЗҚАРАСТАР
Ә.Жұмақадыр. ҚазМемҚызПУ 3-курс студенті

Ғылыми жетекшісі:ф.ғ.к., доцент Г.К.Қайдарова

Қазақ тілінің буын жігіне байланысты проф. Ә.Жүнісбек төмендегідей пікір ұсынады: «Қазақ тіліндегі буын құрылымының талданым нәтижесі буын жігінің неге оңай табылатын себебін көрсетті, оның белгілі бір фонологиялық негізі бар екен. Түркі тілдеріндегі буын жігінің оңай табылатын себебі буын төрт үндесім әуездің бірімен айтылады, сондай-ақ түркі тілдерінде (дәстүрлі фонетикада қалыптасқан көзқарасқа керісінше) буыннан кіші морфема жоқ» 1, 25 б.. Сонымен ғалым пікірі бойынша қазақ тіліндегі буынның басты өзгешелік белгісі оның үндесім тұрқында болып табылады. Басқаша айтқанда буын құрамындағы дыбыстар өзара белгілі бір әуез арқылы кірігеді, сөйтіп барып бір буын құрайды. Буын құрап тұрған дыбыстардың арасындағы өзара әуез бірлік қазақ (түркі) тілдерін өзге тілдерден бөлектеп тұратын ерекше белгі. Осы тұрғыдан қарағанда қазақ тіліндегі буынның әуез белгісі туыстас тілдерді (түркі тілдерін) өзара біріктіріп тұратын типологиялық ортақ, ал туыс емес тілдерді өзара ажыратып тұратын типологиялық айырым белгі болып шығып отыр.

І.Кеңесбаевтың пікірінше қазақ тіліндегі буынның негізі дауысты дыбыс болып табылады, ал дауыссыздар сол дауыстыларға икемделіп тұрады. Ғалым орыс тіл біліміндегі «қарқын теориясын» қолдайтынын білдіреді [2, .66-67.Б].

Түркі және қазақ тіліндегі буын құрылымын қарастыра келіп акад. А.Қайдаров оның алты түрін атайды және олардың негізінен барлық түркі тілдеріне тән екеніне тоқталады [3, 181 б.].

Қазақ тіліндегі буын мәселесін сингармонизм тұрғысынан арнайы қарастырған Ж.Нәзбиев болды: «…сингармонизмнен туындайтын буын сапасының сипаттамасына, яғни бірыңғай әуездің физиологиялық және акустикалық көрінісіне көңіл аударамыз. Басқаша айтқанда, біз буын түрлеріне (ашық, тұйық, бітеу) немесе буын құрамындағы дыбыстардың ассимилятив түрленіміне (қатаңдау, ұяңдау …) емес, буынның артикуляциялық, акустикалық және перцепциялық жалпы сипатына көңіл бөлеміз» [4, 2 б.]. Бұдан байқайтынымыз автор буынның фонологиялық бірлік ретіндегі сипаттамаларына баса назар аударады. Автор зерттеуі буынның үндестік белгілерін талдауға арналған.

Жалпы буын мәселесіне келгенде ғалымдар арасында алшақ пікір жоқ, алайда буын шегін анықтауға келгенде ортақ пікір таба қою қиын. Өйткені әр тілдің өз заңдылығы бар. Соңғы кезде түркі тілдерінде сөз соңына түсетін тұрақты екпін бар деген қағида о бастан қалыптасып қалған. Сондықтан да сөздің шегін сөз соңындағы екпін көрсетеді деп есептеледі. Осы пікір түркі, оның ішінде қазақ тіл білімінде, әбден орнығып алған. Проф. Л.Р.Зиндер «Функцию разграничения слов в связной речи часто приписывают связанному ударению. В языках, в которых ударение всегда падает на первый или последний слог слова, можно по месту ударения судить о том, какой слог перед нами – начальный или конечный. Однако этого недостаточно для того, чтобы узнать точную границу, отделяющую данное слово от предшествующего или последующего» 5, 249-250 б. деген пікір ұсынады. Соңғы кездегі сингармонизм теориясына жүгінетін болсақ, ғалымның пікірін талассыз қабылдауға тура келеді

Түркі лингвистикасындағы буынға көзқарасты проф. Н.А.Баскаков былай деп баяндайды: «Түркі тілдеріндегі фраза, сөйлем, сөз тіркесі және жеке сөздің құрылымы буынның қарқынды (экспираторлық) жасалымын дәлелдейді. Түркі буынының өзінің дыбыс құрамы мен буын жігіне қатысты өзіндік ерекшеліктері болумен қатар, өзге тілдермен үйлесіп жататын ортақ белгілері де жоқ емес» (6, 176 б.).

А.Байтұрсынов сөйлеу мен сөйлем, сөйлем мен сөз, сөз бен буын, буын мен дыбыс желісін бір-бірінен туындатып, арасын үзбей өзара байланыстырып қарайды. Сөздерді буынға бөлудің жолын қарастыра келіп, "Буыншы әріп басқалардың ортасында қамауда тұрса, ол буынға "бітеу" деп ат қойындар; буын аяғы буыншы әріпке тірелсе, ол буынға "ашық" деп ат қойыңдар; буын буыншыдан басқа әріпке тірелсе, ол буынға "тұйық" деп ат қойыңдар" (7, 344-345 б.) деп, буын түрлерін саралап береді. Сондағы "буыншы" әріптеріміз дауысты дыбыстар болып шығады. Буын кұраудағы дауысты әріптердің мәнін "әлгі әріптер кіріспейтін буын" болмайды деп көрсетеді. "Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып жазындар" (7, 344 б.) деген тапсырма жаттығуынан А.Байтұрсыновтың буынның дыбыс кұрамын да анықтап кеткенін көруге болады. Сөйтіп осы күнгі қазақ тілінде тек дауыстылардың ғана буын құрай алатындығы, буын түрлері, олардың дауысты-дауыссызға қатысты дыбыс құрамы мен буын аттары жайлы алғашқы мәліметтің бастау көзі болып отыр.

Буын мәселесіне арналған келесі лингвистикалық еңбектер осы А.Байтұрсынов ережелерін негізге алып отырады. Айырмашылық тек буын түрлері мен олардың атауларына қатысты болып келеді. Проф. Қ.Жұбанов буынның дыбыс құрамына қарай алты түрін көрсеткен (8, 361 б.). "Фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз. Демек, буын экспирация арқылы (өкпедегі ауаны сыртқа шығару арқылы) жасалады" дей келіп, осы үрдісті проф. І.Кеңесбаев та ұстанады, буын түрлерін ашық, түйық және бітеу деп бөліп, олардың алты түрлі дыбыс құрамын көрсетеді (2, . 260-261б.). Буын сипатын, түрлерін, жігін, дыбыс құрамын кеңінен талдаған С.Мырзабеков "Буын - ... ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар (дауысты, дауыссыз) тобы" (9, 101 б.) деген анықтама береді. Ал буын түрлерін "Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның екі түрі бар: ашық буын және тұйық буын. Бұлай бөлу буынның теориялық та, практикалық та мәніне сай келеді және есте сақтауға ыңғайлы" (9, 103 б.) деп көрсетеді. Буын түрлері мен оның дыбыс құрамының осы іспеттес анықтамасы қазақ тілі оқулықтарында ең кең тараған сипаттамасы болып табылады. Қазақ тіліндегі буын қондырғы (инструментал) әдісімен де зерттелген. Буынның, оның құрамындағы дыбыстардың сандық-сапалық нәтижелері буын жігін ажыратудың акустикалық көрсеткіштері бола алатындығы дәлелденген. Буын құбылысын сингармонизммен тікелей байланыстыра отырып, проф. Ә.Жүнісбеков Қазақ тіліндегі дыбыс түрленімі қазақ сөзінің сингармонизм заңдылығынан туындайды. Сингармонизм әуезі (жуан, жіңішке, еріндік, езулік) көрінетін тірек бірлік буын болып табылады» (1. 24-25.б) деп, теориялық қорытынды жасайды. Қазақ тіліндегі буын орфоэпиясын (айтылымын) сөз еткенде осы теориялық қисынды басшылыққа алынады. Буын құрамындағы дыбыстар белгілі бір қатаң жүйеге бағынып барып басы бірігетін болса, онда оның артикуляциялық негіздемесі болу керек. Артикуляциялық негіздің акустикалық (естілім) нәтижесі болады. Қазіргі кездегі қондырғы құралдар мен компьютерлік программалар буын және оның құрамындағы дыбыстар тіркесінің акустикасын көрнекі суреттеп бере алады. Ендеше буынның басынан аяғына дейінгі яғни өне бойындағы дыбыстар тізбегінің суретін алып, буын орфоэпиясының артикуляциялық және акустикалық көрінісін байқап-бақылауға болады деп болжам жасауға болады.

Қазақ тіліндегі буын түрлерінің, әсіресе, олардың дауысты немесе дауыссыз дыбысқа бітуінің морфологиялық деңгейге тікелей қатысы бар екендігі белгілі. Себебі келесі жалғанар қосымша дауыстыға басталады ма, әлде, дауыссызға басталады ма, ол — алдыңғы буынның соңғы дыбысына тікелей байланысты кездері болады. Сонымен қатар алдыңғы буынның соңғы дыбысы мен соңғы буынның бастапқы дыбысының арасында да дауыс қатысына тікелей байланысты тұстары бар: буынның дауысты, қатаң, ұяң немесе үнді дыбысқа бітуіне қарай қосымшаның бастапқы дыбысы құбылып отырады. Осы зандылықтар қазақ тілі үшін аса актуал болып табылады. Ендеше қазақ тілінің буын жүйесін буын түрлері мен оның дыбыс құрамын дауысты-дауыссыз тұрғысынан ғана жіктеп қойған жеткіліксіз болады екен. Мұндай жіктелім тасымал талабына сай келіп, тасымал ережелерін ғана құрастыруға ғана жарайды. Лексика (сөз) деңгейінде кемістігі жоқ талдау морфология (қосымша) деңгейінде жарамай қалып жатыр. Лексикалық деңгейде буын түрлері мен оның дыбыс құрамы үшін түбір сөздің де, туынды сөздің де мәртебесі бірдей: бақ та бір сөз, бақташы да бір сөз. Екі жағдайда да бақ - бітеу буын, ал та — ашық буын. Осы жіктелім тасымал үшін жеткілікті. Ал морфологиялық деңгей үшін: бақ бірлігінің бітеу буын екендігі жеткіліксіз, оның қатаң дауыссызға аяқталып отырғанын қоса ескеру керек. Ендеше та ашық буыны, біріншіден, дауысты дыбыстан бастала алмайды, егер дауысты дыбыстан басталатын болса, онда бақ бірлігі бітеу буын бола алмайды. Екіншіден, ол тек дауыссыз дыбыстан басталады, оның үстіне бастапқы дыбыс тек қатаң дыбыс болу керек. Бастапқы дыбыс қатаң дауыссыз болмаса, бақ пен та тіркесе алмайды. Сондықтан буын құбылысының өзін екі деңгей түрғысынан қарастырған жөн сықылды. Ол үшін буынның дыбыс құрамын іштей тағы жіктей түсуге тура келеді.

Буынның дыбыс құрамы іштей екі салаға жіктеледі.

Бірінші, буын құрамындағы дыбыстың дауыс қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың дауыс қатысына қарай жіктеледі: жаз - үнді дауыссызға аяқталып тұр, жас - қатаң дауыссызға аяқталып түр; жан - үнді дауыссызға аяқталып тұр. Сонда, мысалы, ілік септік жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: жаздың - ұяң з дауыссызынан кейін тек ұяң д дауыссызы, жастың - қатаң с дауыссызынан кейін тек қатаң т дауыссызы, жанның - үнді н дауыссызынан кейін тек үнді н дауыссызы.

Екінші, буын құрамындағы дыбыстың әуез қатысына қарай, мысалы, төмендегі бітеу буындар соңғы дауыссыздың әуез қатысына қарай жіктеледі: қаз — жуан езулік дауысызға аяқталып тұр; кез жіңішке езулік дауыссызға аяқталып тұр, құз — жуан еріндік дауыссызға аяқталып түр; күз — жіңішке еріндік дауыссызға аяқталып түр. Сонда, мысалы, тағы да ілік септігінің жалғауының варианттары бұлардың әрқайсысына талғап қана жалғанады: қаздың - жуан езулік з дауыссызынан кейін тек жуан езулік д дауыссызы, кездің - жіңішке езулік з дауыссызынан кейін тек жіңішке езулік д дауыссызы, құздұң - жуан еріндік з дауыссызынан кейін тек жуан еріндік з дауыссызы, күздүң - жіңішке еріндік з дауыссызынан кейін тек жіңішке еріндік д дауыссызы.

Әрине бұл зандылықтардың реті бір түбірден бір қосымшаға қарай бірдей бола бермейді: соңғы ұяң дыбыстан кейін келесі буынның бастапқы дыбысы ұяң бола бермей, үнді де бола береді. Алайда басты заңдылық яғни дыбыс талғампаздық әруақытта сақталып отырады.

Сонда қазақ тіліндегі буынның басқы және аяққы дыбыстарының артикуляциялық және акустикалық белгілерінің лингвистикалық мәні бар болып шықгы. Лингвистикалық мәні бар фонетикалық құбылыстың әрқашан да артикуляциялық және акустикалық тірегі болады.

Бұл — іргелес дыбыстардың арасындағы фонетикалық шарт.

Ал буын құрамындағы дыбыстардың бір-біріне икемделуі сингармонизм заңына байланысты екендігі жайлы деректер жеткілікті. Қазақ лингвистикасындағы сингармонизм теориясы көп мәселенің басын ашып берді. Сингармонизмді теориялық тұрғыдан зерттеу жеткілікті. Енді болса буын артикуляциясы мен акустикасын кешенді инструментал зерттеудің нысанына айналдыру кезекте тұр. Мысалы, қи (қый), ки (кій), құй (құй), күй (күй) немесе қиын (қыйын), киін (кійін), құйын (құйұн), күйін (күйүн) деген т.б. сөдердің буын құрамын сингармонизм тұрғысынан сипаттап шығу тек дауысты дыбыстарға байланысты болмау керек. Сингармонизмнің артикуляциялық белгісі ауыз куысындағы тілдің көлденең және еріннің езулік-еріндік қалпына қатысты десек, онда буынды бөліп-жармай, бүтін буынның тіл мен ерін артикуляциясын яғни "буын артикуляциясын" сипаттап шығу керек.

Жалпы лингвистикалық, сондай-ақ түркологиялық ғылыми әдебиеттерге сүйенетін болсақ қазақ тіліндегі буын құбылысын сингармонизмнен тыс зерттеуге болмайды деп жорамал жасаймыз. Себебі буын, оның дыбыс құрамы, дыбыстардың үндесім құрамы, ең бастысы буын жігін табудың әдісі сингармонизм арқылы шешілуге тиіс.

Тіл құрамындағы басты бірліктердің бірі ретінде буынның тіл құрылымында алатын орны ерекше. Сондықтан да қазақ тілінің граммматикаларында (оқулықтар, оқу-әдістемеліктер мен оқу-құралдары) міндетті түрде буынға арналған бөлім беріліп отырса буын жайына арналған зерттеулер де жоқ емес, өзге ұлт мектептеріне арналған оқулықтарда буын жайлы мәліметтер бар. Алайда қазақ тілі грамматикалары мен өзге де сол саладағы еңбектерде буынның құрылымы мен дыбыс құрамы ғана сөз болып келді. Ал зерттеу еңбектері болса, негізінен буынның акустикалық белгілерін сипаттауға арналды. Сөйтіп буынның артикуляциялық сипаты назардан тыс қалып келді. Егер кез-келген тілдік бірліктің (оның ішінде буын да бар) негізінде алдымен артикуляция жататынын ескерсек, онда буын мәселесінің шешімін артикуляциядан іздеуіміз керек болады. Ал оның акустикасы мен естілім белгілері сол артикуляциядан барып туындайтын қасиеттер екені лингвистикада даусыз дәлелденген.

Жоғарыда айтылғандай, жалпы лингвистика тұрғысынан алғанда буын проблемасы өте күрделі лингвистикалық құбылыс ретінде әлі күнге дейін пікір-талас объектісі болып келеді. Өзге тілдердегі буын мәселесіне көптеген диссертациялар мен монографиялар арналып жатыр .

Қорыта келгенде, буын табиғаты және оның шегара белгілері жайлы негізгі пікірлер осы айтылғандарға келіп саяды. Өзге де пікірлер айтқан ғалымдар бар, бірақ бәрінің негізгі мазмұны осы іспеттес.


Резюме

Бұл мақалада буын теориясының зерттелу жайы қарастырылған.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Джунисбеков А. Пробемы тюркской словесной просодии и сингармонизм казахского слова. Автореф. Дис. ...д-ра филол. наук.


– Алма-Ата, 1988. –

2. Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ғылым, 1975.


– 302 б.

3 .Қайдаров А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке. -Алма-Ата: Наука, 1986. -328 с.

4.Назбиев Ж. Сингармонические сегменты в казахском языке.
– Алматы: Наука, 1998; –

5 .Зиндер Л.Р. Общая фонетика. – Москва: Высшая школа, 1979. – 312 с.

6. Баскаков Н.А. Историко-типологическая фонология тюркских языков. – Москва: Наука. 1988. –

7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. –

8 .Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. –

9. Мырзабеков С. Ќазаќ тілі фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 247 б.



ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР ХАЛЫҚ ӨМІРІНІҢ АЙНАСЫ

Тоғызбаева П. ҚазМемҚызПУ 2-курс студенті

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.м., аға оқытушы

Бұл мақалада фразеологизмдердің қазақ халқы өмірінде алатын орны жайлы баяндалады. Олардың шығу төркіні мен неге байланыстыра айтылғандығын көре аламыз.

В этой статье излогается роль фразеологизмов в казахском народе. Их происхождение и в какой сфере они развиваются.

This article the role of phraseological units in the Kazakh people is stated. Their origin and in what sphere they develop.

Фразеологизмдер халық өмірінің айнасы іспеттес. Қазақ ұлтының мәдени өміріне көз жүгіртсек, фразеологиялық тіркестердің халықтың тілдік тұлғасының көрінісі екенін байқаймыз. Тек мәдени өмірге ғана емес, өмірдің барлық саласын қамтитын мазмұнмен, байлығымен көзге түсетін, тілімізге бейнелі де мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым-құрылысы бар фразеологизмдер ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар.

Қазақ ұлтының мәдени өмірінің көрінісі - фразеологизмдер. Сонымен бірге, фразеологизмдер - халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитеті көрінісі тұтастай қамтылады десек, асыра айтпағандық болар. Әр ұлттың мәдени ағымындағы тілдік құбылыстар тамырланып, қалыптасуы үшін оның көптеген алғы шарттары мен салалары болу керек. Фразеологизмдердің мәдени ақпар көздерінің түсініктері қандай мәдени негізде пайда болып, жасалынады деген сауалдарға мынадай ғылыми жорамалды ұсынар едік.

Қазақ халқының ең маңызды мәдени ұлттық ерекшеліктерінің бірі - жан-жақты қамтылған дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдері. Халық ұғымында мұндай ұлттық рәсімдер түрлерінің әбден сақталып қалғандығы ғана бүгіндері ұлт төл құжатындай көрінеді жөне өзге ұлттардан бөлек мәдени айырмашылықтарын айқындайды.

Ұлттық рәсімдерге әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жатады. Қай ұлттың болмасын өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай, күн-көріс тұрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа ғана тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, мәдениеті бар. Ежелден мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігінің бізге жеткен үлгілері сан түрлі. Күні бүгінге дейін жер бетіндегі басқа ұлттардан ажыратып көрсететін қазақтың салт-дәстүрі туралы айту - қазақтар туралы айту деген сөз.

Ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көне заманнан келе жатса да байырғы бедерін жоғалтпай, сонылығын сақтаған алуан айшықты, терең мазмұнды тұрақты сөз тіркестері ана тіліміздің асыл қазынасы іспетті. Бейнелі сөз орамдары дөп тигізіп айтар дәлдігімен, ерекше көркемдігімен кімді болса әрдайым баурап алады. Сөз шеберлерінің тіл кестесін бейнелі сөз тізбектерінің алуан үлгілерін кездестіреміз де, «әрі қысқа әрі нұсқа» ондай өрнектерді ара-тұра өзіміз де қолданып отырамыз.

Фразеологизмдердің табиғаты аса күрделі: фразеологизмдер жеке сөзге де, сөз тіркесіне де, сөйлемге де ұқсайды, сонымен бірге олардың ешбіріне ұқсамайтын қасиеттерімен де ерекше болып тұрады. Сондықтан олардың мағынасы «фразеологиялық шартты», «фразеологиялық байлаулы» мағына деп аталады. Көптеген фразеологизмдердің неге бұлай аталатыны, яғни уәждемесі (мотивациясы) жоқ, — деп жазады зерттеуші Н.Уәлиұлы. Бұл пікірдің қолөнеріне байланысты фразеологизмдерге де қатысы бар.

Фразеологизмдер мен зат арасындағы тілдік емес факторларды жан-жақты зерттемей тұрып, олардың шығу себебін анықтау оңай бола бермейді. Тіл біліміндегі аталым (номинация) теориясы бойынша атаудың екі дәрежесі атап көрсетіледі: 1) бірінші дәрежелі немесе алғашқы атау (первичная номинация). Ол атаудың аталушы заттың қасиеттерімен уәжделеді; 2) екінші дәрежелі немесе кейінгі атау (вторичная номинация). Онда сөздің семантикалық дамуы нәтижесінде өзін тудырған түбірмен мағыналық байланысы үзіледі.

Біз қарастырып отырған фразеологизмдер екінші дәрежелі атауларға жатады. Фразеологизмдердің барлық түрінің негізінде адам ойлауының ассоциативті сипаты жатады. Ол бұрыннан бар нәрселерге ұқсатумен байланысты пайда болады. Ал, ол ұқсастықты білдіретін фразеологизмнің ішкі формасы.



Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында корытылған құбылыстардың нақтылы бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп, арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында аттан шыққанымен, қазіргі мағынасы қайта жасалынып, адамға байланысты айтылады. Арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген фразеологизмнің негізінде иттің адамға қарсы келіп, айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға катысты айтылатын болған. От ала келген кісідей деп, асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағынасы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікелей қолданылып кеткен. Сол сияқты ағынан жарылды, айдап салды, астынан су шыққандай, асығы алшысынан түсті, ас ішіп, аяқ, босатар, ат басына күн туды, атқа мінер, ат тонын ала қашты, ауыз жаласты, ау-ыздықпен алысты, жеп еті, ішіп сорпасы жоқ, жілігі татымайды, аяғынан келді, аяғынан тік тұрды, аяғының ұшынан басты, аяқ-қолын жерге тигізбеді, бал ашты, беті бері қарады, дәмін татты, ет жемесе де, сорпа ішкендей болды, еттен өтіп, сүйекке жетті; етігімен су кешті, жағасын ұстады, жайып салды, жанбай жатып сөнді, аузынан ақ май ағызды, жас иіс, жастығын ала жатты, жатып ішер, жау жетті, ел көшті, жауырды жаба тоқыды, желі оңынан тұрды, жең ұшынан жалгасты, жерге түкірді, жер шұқыды, жол көрсетті, жібі бос, жібі түзу, жіпке тізді, иі жұмсақ, иі қанды, исі мұрнына кірмейді, кәрі қойдың жасындай жасы қалды, қаймағы бұзылмаған, қамшы салдырмайды, қойнына барды, орнын сипап қалды, өңін айналдырды, өті жарылды, көшсе көш басында, отырса от басында, санын соқты. сорпаға шығар, су татиды деген фразеологизмдердің жасалуына да, сөз жоқ, адам ойында қортылған қүбылыстардың нақтылы бейнесі себеп болғандығын танып білуге болады.[1,199б]

Фразеологизмдерді халықтың тілдік тұлғасының көрінісі ретінде алып, мынадай схема келтіруге болады:

  1. Қазақ қолөнерімен байланысты қалыптасқан фразеологизмдер


Фразеологизмдердің зерттелу жайы мен қазіргі бағыттары, фразеологизмдерге ұйтқы болған атаулардың бірнеше ғылымдар тоғысында зерттелуі, кәсіби фразеологизмдердің қалыптасу арналары сөз болады. Атап айтқанда, фразеологизмдердің шығуының мәдени-тарихи негіздері, қалыптасу арналары болып табылатын қарапайым табиғи тастар мен асыл тас, алтын, күміс, темір тәрізді металдар, ағаш, тері т.б. материалдарды өңдеумен байланысты пайда болған бейнелі сөз орамдарына ұйтқы, тірек компонент болған атаулардың этномәдени мазмұны баяндалады.[3]


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет