Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Миелинді қабықша деген не?
2. Миелинді қабықша аксон айналасында қандай түрде қалыптасады?
3. Екі Шванн жасушасының аралығы қалай аталады?
4. Әрекет потенциалы миеленденбеген талшықтардың бойымен қалай таралады? Миелинденген талшықтардың бойымен ше?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады.
|
|