Қысқаша лекциялар жинағы


Радиоционды биофизика.Иондық радиацияның биологиялық әсері.Элетромагниттік (ренген жэне гамма) жэне корпускулярлық (у, В, &) протондар, нитрондар



бет23/25
Дата31.12.2021
өлшемі349 Kb.
#107394
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Қысқаша лекциялар жинағы
Қысқаша лекциялар жинағы
Радиоционды биофизика.Иондық радиацияның биологиялық әсері.Элетромагниттік (ренген жэне гамма) жэне корпускулярлық (у, В, &) протондар, нитрондар.Сәулеленудің физикалық табиғаты.Түрлі иондық сэулелену түрлерінің биологиялық әсерлерінің ерекшеліктері, мүмкіндік дозалары.Түрлі организмдердің радиосезімталдығы Сәулемен закымдануға әсер ететін факторлар.

1896 жылы француз физигі Анри Беккерель уран тұздарының көзге көрінбейтін сәулелер шыгаратынын байқаған. Ол сәулелердің, рентген сәулелері тәрізді, мөлдір емес заттардан өтіп кететіні анықталған. Онан кейін Мария Склодовская мен Пьер Кюри мұндай сәулелерді торий, полоний және радий элементтерінің де шығаратынына көз жеткізді. Осындай сәуле шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады.

Қейбір элементтер ядросының өз бетінше сәуле шығарып,
содан соң жаңа элемент ядросы пайда болу қасиеті радиактивтілік деп аталады. Радиоактивті заттар алғашқыда табиғатта байқалған-ды. Сондықтан да табиғатта өз бетінше болып жататын радиоактивтілікті табиғи радиоактивтілік деп атайды. Радиоактивті заттар альфа, бета және гамма сәулелерін шығарады. Ол сәулелердің табиғаты мен қасиеттері әр түрлі болып келеді. Радиоактивті заттардың шығаратын сәулелерін зерттеу үшін радиоактивті затты бір қораптың ішіне орналастырайық. Қорапты магнит өрісіне орналастырайық. Сонда қораптан шыққан сәулелердің үшке жіктелетіні анықталған. Олардың бір тобы магнит өрісінде ауытқымай, тіке таралған. Бұл сәулелердің заряды жоқ деген сөз. Бұл сәулелерді гамма-сәулелер деп атаған. Магниттің сол полюсіне қарай бағытталған сәулелер оң зарядталған деп есептеледі. Ол — альфа-сәулелер. Ал теріс зарядты сәулелерді бета-сәулелер деп атайды.

Альфа-сәулелері гелий атомы ядроларының ағыны болып есептеледі. Оның массасы 4-ке, заряды +2е-ге тең. Энергиясы 2...5 МэВ. Альфа-сәулелері ядродан 20000 км/с жылдамдықпен ұшып шығады.

Затқа келіп соқтығысқан альфа-бөлшектері оның молекулаларымен немесе атомдарымен әрекеттеседі де, оларды иондайды немесе қозған күйге түсіреді.

Бета-сәулелері деп электрондар ағынын айтады. Бета-бөлшектерінің массасы альфа-бөлшектерінің массасынан 7350 есе жеңіл. Сондықтан да бета-сәулелері магнит немесе электр өрісінде альфа сәулелеріне қарағанда күштірек ауытқиды. Бұл сәулелердің жылдамдығы 160 000 км/с шамасында болады. Бета-бөлшектер альфа-бөлшектеріне қарағанда заттарды аз иондайды.

Гамма-сәулелері деп фотондар ағынын айтады. Оның жиілігі 1020 Гц. Гамма-сәулелері жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен таралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет