Қысқаша лекциялар жинағы


Биологиялық жүйелердің термодинамикасы.Жабық



бет2/25
Дата31.12.2021
өлшемі349 Kb.
#107394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қысқаша лекциялар жинағы

Биологиялық жүйелердің термодинамикасы.Жабық түйықталған, ашық жүйелер

Биологиядағы термодинамиканың I - ші заңы. Гесс заңы.

Биологиядағы термодинамиканың 2-ші заңы. Энтропия.Градиент. Бос энергия.
Термодинамика – энергиялардың бір-біріне айналу заңы туралы ғылым. Сонымен қатар денелердің әр түрлі қасиеттерін және зат күйінің өзгерістерін зерттеумен шұғылданады. Термодинамика - табиғат құбылыстарының микроскопиялық қасиеттерін ескермей – макроскопиялық қасиеттерін зерттейді. Құбылыстарды ол тәжірибелерден қорытылып шығарылған бірнеше заңдарға (бастамаларға) сүйене отырып­ қарастырады.

Термодинамика негіздерінде оның 2-бастамасы жатады.



  1. Бастама энергияның бір түрден басқа түрлеріне айналғанында басталатын сандық қатынастарды тағайындайды.

  2. Бастама осы энергия айналымдары қай жағдайда жүзеге асатынын, яғни процесстердің қай бағытта өту мүмкін екендігін анықтайды.

Тірі организмнің өмір сүру кезеңіндегі барлық процесстер «Тірі организм - қоршаған орта» - системасындағы өтетін энергетикалық байланыстардың өзгеруімен тығыз байланысты, сонымен термодинамика әдістері биологияда кеңінен қолданылады.

Термодинамикалық әдістер - өзінің негізінде статистикалық әдіс болып табылады. Мысалы: бір ғана молекуланың температурасы мен қысымы туралы айтуға болмайды, себебі термодинамикалық параметрлер макросистеманы құрайтын өте көп мөлшердегі молекулалардың өзара әсерін сипаттайды.

Термодинамика кейбір құбылыстардың табиғаты мен механизмі қандай деген сұраққа жауап бермей, берілген процесстердің қандай бағытта өтетін мүмкіндігін және энергетикалық тұрғыдан нақты екендігі көрсете алады. Бұл биология үшін өте қажетті.

Қазіргі таңда термодинамиканы биология саласында қолдану негізінен 2 - бағытта жүзеге асуда.



  1. Тірі организм мен жеке система органдары тыныштық күйде жұмыс істеу кезіндегі энергетикалық айналымды есептеу және биологиялық процесстердің п.ә.к мен биохимиялық құрылымдардың байланыс энергиясын анықтау.

  2. Тірі организмді ашық термодинамикалық система деп қарастыру арқылы заттардың жасушалық мембрана арқылы активті және пассивті тасымалдауы мен биоэлектірлік потенциалдың пайда болуын зерттеу.

Термодинамика 3 – түрлі жүйені қарастырады.

1. Изоляцияланған 2. Тұйықталған 3. Ашық

1. Изоляцияланған жүйе деп сыртқы қоршаған ортамен зат немесе энергия алмасу болмайтын жүйені айтамыз.

2. Тұйықталған жүйе деп – қоршаған ортамен энергия алмасуы болатын бірақ зат алмасуы болмайтын жүйені айтамыз.

3. Ашық система деп - қоршаған ортамен зат және энергия алмасу болатын жүйені айтамыз.

Термодинамикалық көзқарастан тірі организм ашық системаға жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет