Мембрана биофизикасы. Биологиялық мембрананың физикалық-химиялық құрылымы.Биологиялық мембраналардың негізгі функциялары.ДаниэлиДавонның, Робертсонның моделі Биологиялық мембраналрдың структурасы, қүрамы. Мембрана құрылымына қазіргі көзқарас.
Мембрана биофизикасы - жасуша биофизикасының ең елеулі бөлігі болып табылады, ол биология үшін өте маңызды роль атқарады. Көптеген өмірлік процестер осы биологиялық мембраналарда өтеді. Мембраналық процестерді бұзу көптеген ауруларды туғызады және оларды емдеу көптеген жағдайда осы биологиялық мембраналарға әсер етуден басталады.
Элементар тірі жүйе - өз бетінше өмір сүре алатын, дамитын қайталанатын - тірі жасуша – бұл барлық тірі жәндіктер мен өсімдіктер құрылысының негізі болып саналады.
Жасушаның өмір сүруінің ең негізгі жағдайларына бір жағынан қоршаған ортаға қарағанда автономдылығы - яғни дербес өмір сүре алатындығы, жасуша заттары қоршаған орта заттарымен араласпай жасушаның кейбір бөлігіндегі химиялық реакциялар автономды өз бетінше өте беретіндігі, екінші жағынан қоршаған ортамен тығыз байланыстылығы – бұл байланыс үздіксіз, өтіп жасуша аралық энергиямен зат алмасуын басқарып өзгертуге болатындығы жатады. Тірі жасуша бұл ашық системаға жатады.
Қоршаған ортадан дербестігінің бірлігі мен қоршаған ортамен тығыз байланыс жағдайының орнауы - тірі организмнің өмір сүруінің негізгі функциясы болып табылады.Сондықтан жасуша өмір сүруінің негізгі жағдайына биологиялық мембраналардың қалыпты жұмыс істеуі жатады.
Биологиялық мембраналардың атқаратын негізгі үш функциясы бар:
1. Барьерлік – қоршаған ортамен пассивті және активті зат алмасуының таңдамалы – селективті өзгертуге болатындығы. Кейбір заттар биологиялық мембрана арқылы тасымалданады, ал кейбіреулері тасымалданбайды, басқарылатын мембрананың өтімділігі кейбір заттар үшін жасуша күйінің жағдайына және геномына байланысты өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |