А ГРА РЛЫ Қ РЕВОЛЮ ЦИЯ
14.
Мысыр мазарының қабыргасындағы мына суретті б.з.д. 1200 жылдар шамасында сап-
ган. Екі өгіз жер жыртып барады. Табиғатта, курделі қурылымы бар үлкен табындарда мал
емін-еркін жүрді, ал қолға үйретіліп, піштірілген өгізтар қорада. шықпыртқан қамшы соққы-
сының астында, жалғыз өзі не қосақта митыңдап, өлмешінің күнін кешті. Осынау өмір салты
жануардың дөне-бітімдік тө, сөзімдік және әлеуметтік те талап-тілегіне еш сәйкес келмейді.
Қартайған кезде өгіз соқаны тарта алмайды, сондықтан оны сойып алады (Мысыр егіншісі-
нің бүкшиген кейпіне назар аударыңыэдар, ол да тәні мен жанын, ақыл-есі мен әлеуметтік
қарым-қатынастарын діңкелөтетін ауыр жумыспен ғұмырын өткізгені көрініп тұр).
Жаңа Гвинея қауымдарының көпшілігінде
адамның байлығы, дәс-
түрлі түрде бағымындағы шошқаның санымен өлшенеді. Шошқалары
қашып кетпес үшін аралдың солтүстігіндегі бақташылар әр торайдың
тұмсығын кесіп тастайды: мүндай жарақат алған доңыз ештеңені иіс-
кей алмайды,
өздігінен тамақ жеуге, тіпті жол тауып жүруге шамасы
келмей, қожасына толық кіріптар болады. Жаңа Гвинеяның өзге өңі-
рінде бұрын шошқаның көзін шұқып, ағызып жіберетін әдет те болған7.
Сүт өнеркәсібі де малдың
бойындағысының бәрін ақырғы
тамшысына дейін сығып алуды меңгерді. Сиырды, ешкі мен қойды
төлдеген бойда саууға болады. Және мал әбден суалғанша, төлдері
емшек соруын доғарғанша сүт бере алады. Сүт алу үшін
бақташы
төлдеу сәтін күтуге, бірақ төлдің уызына жари емуіне жол бермеуге
тиіс. Баяғы заманнан бүгінге дейін қолданылып келе жатқан ең
қарапайым тәсіл - туған бойда лақ пен бұзауды өлтіре салып, енесін
суалғанша сауу, содан соң қайтадан үрықтандыру.
Бұл әдісті қазір
де кеңінен қолданады. Қазіргі сүт фермагіарында сиырға, әдетте
шамамен бес жыл өмір береді, содан соң қасапханаға аттандырады.
Осы бес жылдың түгелге жуығында дерлік ұдайы буаз күйінде өткереді,
сүт өндірісін тоқтатпау үшін бұзаулағанына
екі-төрт ай толмай жатып,
қайтадан үрықтандырады. Туған бұзауды көп ұзамай енесінен айырады
да, ұрғашыларынан сүтті сиырлардың келесі легін өсіріп шығарады,
ал еркектерін ет комбинатына жөнелтеді8.
Достарыңызбен бөлісу: