Көне жазба көңіл жүбатар мұңлы сөзбен тамамдалады: «Үш апта өткен соң дзяин күнінде жеңілденді. Сәтсіз болды - қыз туды»4 дейді. 3000 жылдан аса уақыт өтіп, ко м м у н и с т Қытай «бір отбасы - бір бала» сая- сатын енгізген кезде кейбір отбасылар бұрынғысынша қыз тууды сәт- сіздікке балап, «сәті түсіп, келесі жолы ұл болып қалар» деген үмітпен оны тастанды қылады немесе өлтіртіп тастайды. Көп қоғамда әйелдер еркектердің - әкенің, күйеуінің әлде ағасы- ның әншейін жекеменшігі саналды. Кей заң жүйелерінде жыныстық зорлық мүліктік қылмысқа жатады, яғни құрбандық зорлыққа ұшырау- шы емес, оның иесі саналады. Соған сәйкес, мүліктік зиянды өтеу ар- қылы әділдік қалпына келеді: зорлықшы әкесіне немесе ағасына ақы төлеп, әлгі қызға үйленуге тиіс. «Киелі кітапта»: «Әлдебіреу пәк қызды, ұстап алып, онымен жатқан кезде үстерінен түссе, онда қызбен төсек- тес болған адам оның әкесіне елу шекел күміс төлеуге тиіс, ал қыз енді соның әйелі бола берсін...», - (Екінші заң. 22:28=29) деп нұсқал- ған. Ежелгі еврейлер көзқарасы түрғысынан, осы шешім ғана істі ретке келтірудің парасатты жолы көрінген. 132
АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ Кім түсіріп алғаны белгісіз ақшаны жерден көтерудің үрлыққа жатпайтыны сияқты, ешкімнің меншігіне алынбаған әйелді зорлау да, мүлдем қылмыс саналмаған. Ал өнді жүбайлардың жыныстық қатынасын зорлау ретінде бағалауға болады деген ойдың өзі сандырақ көрінер еді. Күйеуі әйелінің сексуалдық қалауына толық билік жүргізді. Ол әйелін зорлады д е у - адам өзін-өзі тонады деп айыптаумен парапар еді. Бағзы замандарда ғана солай пайымдамаған: 2006 жылға дейін әлемнің 53 еліндө әйелін зорлағаны үшін еркекті соттаудың заңды