теттерге білім алуға барады. Осы салалардың бәрінде еркектермен ка
тар табысқа жетулеріне жатыр кедергі келтірмейді. Саяси турмыс пен
бизнесте әйелдер әлі де теңдес өкілдікке жете алған жоқ - олар грек
парламентінің 12%-ын ғана құрайды. Әйтсе де бүрын олардың саяси
өмірге қатысуына бөгесін салған заңды кедергілердің бәрі жоқ, қазіргі
Грекия азаматтарының көпшілігі әйел затының мемлекеттік лауазымды
қызметте отыруын қалыпты құбылыс санайды.
Сондай-ақ қазіргі гректердің көбі еркектердің әйелдерге, тек әйел-
дерге сексуалдық құмарлығы оянуы, өзіне қарама-қарсы жыныстың
133
Е К ІН Ш І Б ӨЛІМ
өкілімен ғана төсек қатынасына түсуі табиғи нәрсе деп есептейді. Осы
сенімді олар сырттан таңған мәдени нормалар санатына емес, биоло-
гиялық ақиқатқа жатқызады: қарама-қарсы жыныс өкілдері арасындағы
қатынас - табиғат заңы, ал бір жыныстылар арасындағы байланыс - та-
биғатқа қарсы шығу болып шығады. Табиғат-ана еркектер бір-бірін сү-
йіп қалса, ешқандай қарсылық білдірмейтін сияқты. Ал өз мәдениетінің
өсиетін сіңірген аналар өз ұлына көрші бозбала көз салып, қырындаса
ақылынан адаса жаздайды. Бірақ ананың үрейі ешқандай биологиялық
үзілді-кесілді талаптан туындап жатқан жоқ: көптеген мәдени орта гомо-
сексуалды қарым-қатынасты заңды ғана емес, сондай-ақ қоғамға пай-
дал ы нәрсе деп есептеген; ең белгілі мысал, сол баяғы ежелгі Грекия.
«Илиадада» Фетида өз ұлының Патроклмен жақындасуына бір ауыз
қарсы сөз айтпайды. Македония патшайымы Олимпиада ежелгі дүние
әйелдерінде сирек кездесетін темпераментімен және батылдығымен
ерекшеленген: күйеуін өлтіруді оның өзі жоспарлауы әбден мүмкін. Сей
Достарыңызбен бөлісу: |