геріп отырады. Бірде-бір адам ағзасы осыдан миллиондаған жылдар
бұрын өз «прототипі» орындаған қызметтік міндетті қазір дәлме-дәл
134
АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ
атқармайды. Ағзалар белгілі бір міндетті орындау үшін дамитыны рас,
алайда сол ағза кейін тағы бір қызметті атқаруға бейімдөлуі мүмкін.
Мысалы, ауыз дөнеге қорек келетін тесік ретінде ежелгі көпжасушалы
организмдер кезінен бар. Ауыздың сол қызмөтін өлі күнге дөйін пайда-
ланамыз, оған қоса, сүйісеміз, сөйлейміз, ал Рэмбо онымен граната-
ның тиегін жұлып алады. Сонда не, осыдан 600 миллион жыл бұрын
бабаларымыз мүны істемесе, осының бәрі табиғи емес пе?
Қанат та бірден қазіргідей аэродинамикалық сұлу сипатына келе
қойған емес. Олар мүлде басқа қызмет атқарған аяқ-қолдан өрбіп шық-
ты. Бір теория бойынша, жәндіктерге тән қанат миллиондаған жылдар
бұрын қоңыздардың денесіндегі түк безінен пайда болған. Түк безі бар
қоңыздар денесінің сыртқы қабаты салыстырмалы түрде үлкен еді, бұл
күн сәулесін молырақ сіңіріп, дене температурасын қолайлы деңгейде
ұстауға мүмкіндік берді. Эволюция барысында осынау күн батареяла-
ры біртіндеп ұлғая берді де, әлгі бездер де тамаша қүралға айналып,
түрпаты өскенімен, салмағы сол күйінде қалған жәндіктерді секірген
кезінде бірнеше секунд ауада ұстап, қалықтатып тұратын болды. Без
өскіндері жалпақ, көлемді жәндіктер алысқа секірді, әлгілердің жәрде-
мімен самғай бастады, содан кейін биікке көтеретін қанаттың жетілуіне
де көп қалған жоқ еді. Келесі жолы, маса құлағыңыздың түбінен ызың-
дап тұрған кезде, қансорғыш ұрғашыға табиғат заңына қайшы әрекет
етіп тұрғанын: Құдайдың қалауы бойынша маса қанатты ұшуға емес,
Достарыңызбен бөлісу: |