АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ
22. Еркек туралы ұғымның XVII! ғасырдағы көрінісі: француз королі XIV Людовиктің
салтанатты кескін-келбеті. ¥зын жасанды шашқа, ұзын шүлыққа, биік өкшелі туфлиге,
биші сияқты турыс әдібіне және де қолақпандай қылышқа наэар аударыңыздар.
Біздің замандастардың көпшілігі әлгі асай-мүсейлердің бәрін, қылыштан өзгесін,
әйел адамның белгісі деп есептейді. Бірақ XIV Людоөиг өз заманында
өржүректілік пен күштіліктің үлгісі ретінде дәріптөлген еді.
Шатастырып алмау үшін ғалымдар биологиялық категорияны «жы-
нысқа» және мәдени санатты «гендерге» ажыратуға тырысады. Біздің
бәріміз объективті әрі тарихи уақыт ағымында өзгермеген белгі-ны-
шандар негізінде еркекке әлде әйелге жатамыз. Сондай-ақ гендер де
еркектікі және әйелдікі болады (ал кейбір мәдени ортада басқалары
да үшырасады). Гендерлік нышандар интерсубъективті нәрселер қа-
тарында тұрады, әрі удайы өзгере береді. Мысалы, ежелгі афиналық
әйел мен қазіргі грек әйелінің сыртқы кейпінде, мінез-қүлқында, киім
үлгісінде, арманында тіпті тұрған тұрысында ортақ ештеңе жоқ6.
Жынысқа белу оп-оңай, ал гендерлік нышанына орай ажырату күр-
делірек. Еркек әлде әйел жынысына жататыны нақты түрде айқында-
лады: адам не X және Ү, не екі X хромосомалармен туады, сонымен
әңгіме бітті! Ал енді әйелдің немесе еркектің гендерлік рөліне үңілу
әлдеқайда қиындау. Екі гендердіңде айқындаушы белгілерін биология
емес, мәдени орта қалыптастырған қоғамда қараптан-қарап еркекті
137