&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Үшінші бөлім АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ



Pdf көрінісі
бет170/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

144


Үшінші бөлім
АДАМЗАТТЫ БІРІКТІРУ
24. Мекке. Қажылық парызын өтеуге барғандар Қағбаны айналып жүр.


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
9-тарау
Тарихтың жебесі
Аграрлық революциядан кейін адамзат қауымдастығы күрделеніп,
көбейе түсті де, соған сәйкес әлеуметтік құрылысты демейтін қиялда-
ғы конструкция да дами берді. Мифтер мен ойдан шығарылған түрлі
әңгімелер бесіктен белі шықпай жатып-ақ, адамды белгілі бір образ-
дармен ойлантып, белгілі бір стандарттар бойынша әрекет қылуға,
нақты заттарды қалап, нақты ережелерді сақтауға үйретті. Миллион-
даған бейтаныстың алғаусыз ынтымақтасуына мүмкіндік беретін қо-
самжар инстикт осылай қалыптасты. Осынау жасанды түрде сіңірген
инстинктер желісі «мәдениет» деп аталады.
X X ғасырдың бірінші жартысында тарихшылар әрбір мәдениет -
кемел, үйлесімді әрі өзгермейтін болмысқа ие, әрдайым баз қалпында
тұрады деген пікір ұстанды. Кез келген қауымдастықтың өз дүниета-
нымы және Күнді айналған ғаламшарлар сияқты іркіліссіз қызмет іс-
тейтін өзіндік ерекшелікке ие әлеуметтік, қүқықтық және саяси салты
бар. Осы теорияға сәйкес өзімен-өзі оңаша қалған қоғам өзгерістерге
ұшырамайды. Ол бір бағытқа бір қалыпты қадаммен адымдай бере-
ді, тек сыртқы күштер ғана белгіленген жолдан бұрып әкетуі мүмкін.
Антропологтар, тарихшылар мен саясаткерлер «самоалықтардың»
(немесе Тасмания жабайыларының) наным-сенімдері, нормалары мен
құндылықтары есте жоқ ескі замандардан бері қарай еш өзгермеген-
дей етіп сипаттап жүрді.
Қазіргі кезде мәдениеттанушылардың көпшілігі бүл тұжырымға


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет