&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


көлді. Александр Солженицынды оқыған кез келген адам коммунизм-



Pdf көрінісі
бет173/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

көлді. Александр Солженицынды оқыған кез келген адам коммунизм-
нің эгалитарлық аңсары, әр адам өмірінің әрбір минутына дейін бақы-
лауда ұстауға тырысатын қатыбас тиранияны туындатқанын біледі.
Қазіргі Америка саясаты да осы кереғарлыққа ұрынып отыр. Де-
мократтар науқастарға, қарттар мен жоқ-жітіктөрге жөрдемдесу
147


ҮШ ІН Ш І БӨЛІМ
бағдарламасын қаржыландыру үшін салықтар мөлшерін көтеруге тура
келсе де, жаппай теңдікке ұмтылады. Сол арқылы олар адамның өз
ақшасын қалауынша билік жүргізу құқына қол сүғады. Балаларға бі-
лім беруге ақшамды жұмсағым келсе, үкімет неге мені сол қаражатқа
медициналық сақтандыру құжатын сатып алуға мәжбүрлейді? Респуб-
ликашылар, тіпті байлар мен кедейлердің кірісіндегі алшақтық ұлғая
түсіп, америкалықтардың көпшілігі медициналықжәрдемсіз қалғанына
қарамастан, жеке бас бостандығына барынша ұмтылады.
Орта ғасырлар рыцарьлық пен христиандықтың идеалдарын бәрі-
бір біріктіре алмай-ақ қойды. Қазіргі әлем де бостандық пен теңдіктің
басын қоса алмайды. Бүл кемістік те емес. Мұндай кереғарлықтар -
кез келген адамзат мәдениетінің міндетті әлементі. Бұл - біздің түрдің
креативті, қарқынды дамуының қозғаушы күші. Контрапунктте түйіскен
екі мақам музыкалық тақырыптың дамуын алға жылжытатыны сияқты
ой-пікірлеріміздің, идеяларымыз бен құндылықтарымыздың әралуан-
дылығы да ойланып-толғануға, сынауға, бағалап-бағамдауға жетелей-
ді. Тұрақтылық дегеніміз - топастарға арналған қорық.
Шешілмейтін дилеммалар, шиленістер мен жанжалдар - кез кел­
ген мәдениеттің мәні болғандықтан, кез келген мәдени ортадағы адам
сенімдер кереғарлығын ұштастырып, басы бірікпейтін қүндылықтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет