мен саясатын жек көретініне қарамастан, долларды өте жақсы көрді.
Құдайлар мен билеушілер жеңіліске ұшыраған жерде ақша қалай та-
бысқа жетті?
154
А Д А М З А ТТ Ы Б ІР ІК Т ІР У
10-тарау
Ақшаның иісі
1519 жылы конкистадорлар тобын басқарған Эрнан Кортес Мек-
сикаға баса-көктей кіріп, адамзат қауымына тағы бір әлемді ашты.
Жергілікті тұрғындар - ацтектер келімсектердің әлдебір сары ме-
талға аса құмарта қарайтынын байқады. Тек сол металл туралы
айтады. Жергілікті адамдар да алтынмен таныс еді: жұмсақ, со-
зылмалы, өңдеуге оңай көндігеді, одан мүсіншілер мүсіндер құйып,
зергерлік әшекейлер жасады. Алтын үнтағын кейде айырбас құра-
лы ретінде пайдаланды. Ацтектер көбіне-көп какао-бұршақтарымен
немесе мата кесіндісімен есеп айырысты, сондықтан да испандық-
тардың алтынға ашкөздене қарауы оларға түсініксіз еді. Ақ адамдар
бұл металдың несінө қызығады: тамақ қылуға келмейді, одан киім
де тіге алмайсың, тіпті тым жұмсақ болғандықтан аспап-сайман не
месе қару-жарақ жасауға да жарамайды ғой. Олар испандықтардың
неліктен алтынға құмарлығын сұрағанда, Кортес: «Себебі біз жүрек
кеселіне шалдыққанбыз, оны тек алтын ғана ем дел жазады», - дел
жауап беріпті1.
Шын мәнінде, бүл испандық басқыншылар шыққан Афроазия әле-
міне тән нағыз рухани дөрт еді. Бұл әлемдегінің баршасы тіпті бітіспес
дүшпандар да бір мақсатқа - алтынға ұмтылды. Көп алтынға! Мекси-
каны бағындырғанға дейінгі үш ғасыр бойы - Кортестің ата-бабалары
мен оның солдаттары Иберия түбегі мен Солтүстік Африкадағы мұ-
сылман ұлыстарына қарсы қанқұйлы діни соғыстар жүргізді. Исаның
ізбасарлары мен Алланың құлдары бір-бірін он мыңдап қырып, егіс-
Достарыңызбен бөлісу: |