А Д А М З А ТТ Ы Б ІР ІК Т ІР У
сайдан қазып алған саз балшықтан шарап қайнатушының ыдысы-
нан әлдеқайда берік әрі әдемі қыш құмыра жасай алсаң, айырбасқа
салатын тауар дегенің сол емес пе? Дәрігер мен заңгерлерді айт-
пағанда, шарапшылар мен құмырашылардың өз ісіне мамандануы
өнерлерін баршаның игілігіне жаратуға мүмкіндік берді. Осы тұста
бір мәселе пайда болды: осыншама мамандар арасындағы тауар
алмасуды қалай ретке келтіру керек?
Өзара қызмет көрсету мен міндеттер жүйесі оған адамдардың бі-
рін-бірі танымайтын үлкен тобы кіріккен кезде жұмыс істемей қалады.
Қарындасқа немесе көршіге көмектесу - бір басқа, ал еш қайтарымы
болмауы әбден мүмкін бөгде жанға көмектесу - мүлдө басқа. Демек,
қайтадан айырбас керек шығар. Айырбас үшін өнімдердің аз ғана мөл-
шері тиімді. Онымөн күрделі экономика орната алмайсың4.
Айырбастың мүмкіндігі мен шөктөулілігін айқын түсіну үшін қыр ба-
сында алма бағым бар деп ойлаңыз. Онда бүкіл өңірде кездеспейтін
шырыны бал татыған ең төтті жеміс өседі. Онда ақ тер, көк тер болып
еңбек өтесіз, жаз бойы аяқкиіміңіздің тоз-тозы шығып, жыртылып бітеді.
Есегіңізді арбаға жегіп, өзен бойындағы қалаға беттейсіз: өйткені көр-
шіңіэ базар алаңының оңтүстік шетінде етікші тұратынын, өзіне мықты
кебіс тігіп бергенін, міне, енді соны бесінші жыл киіп жүргенін айтқан.
Етікшінің шеберханасын тауып, алмаға кебіс айырбастауды ұсынасыз.
Етікші абдырап қалады. Кебістің өтемі ретінде қанша алма сүрауы
керек? Күн сайын оған ондаған сатып алушы келеді: біреуі бір қапшық
алмасымен, келесісі бидай, үшіншісі ешкісін жетекке алып немесе
мата әкеліп береді. Тіпті бірдей тауардың сапасы әртүрлі ғой. Ал кей-
біреулер материалдық емес нәрселерді, айталық, өзінің білім-білігін
Достарыңызбен бөлісу: |