қызмет түрлерін тапсырады да, айырбасқа бөлушіден өзіне қажет нәр-
сені алады. Тап осындай ұлы тәжірибе Кеңестөр Одағында жасалды,
бірақ сәтсіздікке ұшырады. «Әркім мүмкіндігіне қарай жұмыс істейді,
ал талап еткенін алады. Іс жүзінде әркім қолынан келгенше және ба-
рынша аз жұмыс істеп, ал көтергенінше ала алады». Мейлінше ұтым-
ды, мейлінше табысты сынақтар, мәселен, Инктер империясында жа
салды. Ал қоғамдардың бірталайы сан алуан «сирек мамандықтар»
арасында, айырбасты жүзеге асырудың әлдеқайда қарапайым тәсілін:
ақшаны ойлап тапты.
Бақалшық пен темекі
Ақшаны Ж ер шарының әр түкпірінде бір-бірінен төуелсіз түрде бір-
неше рет ойлап тапты. Бүл жаңалық технологиялық жаңашылдықты
талап етпейді, бүл таза қалпында зияткерлік екпін саналады. ¥жым-
дық қиялда ғана өмір сүретін тағы бір интерсубъективті шындық төбе
көрсетеді.
Ақша дегеніміз - міндетті түрде монеталар мен банкноттар емес.
Адамдар тауарлар мен қызмет түрлерін айырбастау үшін жүйелі түр-
де пайдалануға келіскен, сол арқылы басқа заттың барлығының құ-
нын есептеуге жарайтын нөрселердің бәрі ақша бола алады. Ақшаны
ойлап табу арқылы алуан түрлі заттардың (алма, аяқкиім, неке, ажы
расу ісі) бағасын тез әрі оңай есептеп шығарып, кедергісіз айырбас
жасау, артылғанын оңтайлы ретпен сақтау мүмкіндігі артты. Ақшаның
ең таныс, үйреншікті түрі - белгілі бір көлөммен пішімдегі бір көсек
металл - монета. Бірақ ақша адамдар монета жасауға машықтанғанға
дейін пайда болды. Көптеген қоғам валюта ретінде бақалшықтарды,
малды, терілерді, тұзды, дәнді, моншақтарды, маталар мен борыш-
керлік қолхатты пайдаланып, өркендей өсті. Каури - тропиктік ұлу-
лардың қабықшасы - 4000 жыл бойы бүкіл Африкада, Оңтүстік және
Достарыңызбен бөлісу: |