Алдыңда дүшпаның безілдей қашып, аяғыңның астында оның қызының қорыққанынан қыңсылап жатқанынан артық қандай рақат бар?». Кереғарлық бәрібір шешімін тапқан жоқ. Еуропаның бүкіл табы - ақсүйектері, діни қызметкерлері мен қарапайым халқы - осы кереғар- лықты тізгіндеуге талпынғандықтан, мәдениет біртіндеп өзгере берді. Кереғарлыққа қатысты қадамның бірі крест жорығы еді. Қасиетті жерге аттануы арқылы рыцарь жауынгерлік айбынын да, діншілдігін де қатар көрсете алды. Тал осы кереғарлық рыцарьлық идеясын христиандық мұраттармен ұштастыруға тырысқан тамплиерлер мен госпитальер- лер орденін дүниеге алып келді. Белгілі бір дәрежеде осынау қайнар көзден орта ғасырдың өнері мен әдебиеті, король Артур мен қасиетті Грааль туралы аңыздары ағындап шықты. Даңқты рыцарь қайырымды христиан бола алады және болуға тиіс, сондай-ақ қайырымды хрис- тианнан үздік рыцарьлар шығады дегенді дәлелдеуге тырысудан бас ка Камелот нені білдіреді? Басқа мысалды - ж а ң а замандағы саяси құрылысты алайық. Фран цуз революциясы кезінен бастап, әлемге теңдік пен жеке бостандық идеалы біртіндеп тарала бастады. Алайда осы екі құндылық та кере- ғарлыққа килігеді. Теңдікті өзгелерге қарағанда, көбірек жолы болған- дардың бостандығын шектеу арқылы ғана қамтамасыз етуге болады. Өр азаматқа ойына келгенін істеуге толық еркіндік берілсе, теңдік те сол бойда жойылады. 1789 жылдан бергі әлемнің саяси тарихын осы кереғарлықты шешуге үздіксіз талпыну тізбегі ретінде елестетуге бо лады. XIX ғасырдағы еуропаның либералды өкіметі жеке бастың бос- тандығын бірінші орынға қойғанын Диккенстің романын оқығандардың бәрі біледі, сол үшін борышкерлерді түрмеге отырғызып, ал түгі жоқ тақыр жетімдерді қалта-қаққыш ұры-қарыларға қосақтап жіберуге тура