дағымен көтеріліп, офицерлік шен алуға олардың ешқандай мүмкіндігі
болған жоқ. Жоғарғы тендер корольдер, принцтер мен герцогтар үшін
сарымайдай сақталды. Бірақ неліктен тек герцогтар үшін, неге герцоги-
няға емес?
Африкадағы француз империясы сенегалдықтардың, алжирліктер
мен француз пролетариатының қанымен құрылып, терімен тұтасты-
рылды. Қатардағы әскерлер арасында «жақсы отбасынан» шыққан
француз еркегінің үлесі жартымсыз болды, есесіне олардың саны
француз армиясын, империя ережесін басқарып, жеңістер жемісінен
пәззат алған саусақпен санарлықтай элитаның қатарында моп еді. Bi-
рак тағы да француз еркегі, неге француз әйелі емес?
Қытайда армия дәстүрлі түрде азаматтық әкімшілікке бағынды, сол
себептен соғысты көбінесе қолына қылыш үстап көрмеген мандариндер
(қытайдағы әскери шенеунік) жүргізді. «Жақсы темірден mere жасамай-
ды» деген мақалмен қытайлар дарынды адамдардың орны армияда
емес, бюрократия арасында екенін меңзеді. Ендеше, неге жекпе-жекке
шығып көрмеген мандариндердің бәрі еркек жынысты болды?
Әйелдер дене бітімінің осалдығынан немесе тестостерон деңге-
йінің төмендігінөн мандарин, генерал немесе саясаткер бола алмады
деу көкейге қонбайды. Соғыс кезінде төзімділік қажет, ал дене күші мен
агрессивтілік онша міндетті нәрсе емес. Соғыс - сыраханадағы төбе-
лес емес, бұл - күрделі кешенді үдеріс, оны басқару үшін адамдарды
ұйымдастыра біліп, ынтымақтастық орнататын, кейде компромиске де
бара алатын теңдессіз талант қажет. Әдетте өз елінде бейбітшілік ор-
натып, одақтастар тарту жене өзге адамдардың, әсірөсе дұшпандар-
дың ой-ниетіне бойлай білу жеңіске жетудің кілті саналады. Әлбетте,
нашар командирлер алпамсадай агрессивті альфа-еркектен шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |