140
АГРАРЛЫҚ РЕВОЛЮЦИЯ
Шындығында, адамзат қауымының тарихы - дене күші мен әлеу-
меттік жағдай арасындағы байланыс көбінөсе тікелей өмес, кері ба-
ғытта жүретінін дәлелдейді. Қоғамдардың көпшілігінде қол еңбегі тө-
менгі таптың үлесіне тиеді. Корольдерден, діни қызметкерлерден, бас
директорлардан, сот төрешілері мен генералдардан гөрі бұлшық өт
шахтерлерге, солдаттарға, құлдарға, үй қызметшілеріне, тазалаушы-
ларға керек-ақ. Бұл азық тізбегіндегі Homo sapiens жағдайына толық
сәйкеседі. Дене күші бәрінен маңызды болса, sapiens-төр осынау ға-
ламдық баспалдақтың орта сатысынан жоғары көтеріле алмас еді. Ал
олар ақыл-ойы мен әлеуметтік дағдыларының арқасында ең биікке
шықты. Түрішілік иерархияның да дөрекі күштен гөрі интеллектуалдық
және әлеуметтік дағдыларға арқа таңуы табиғи нәрсе. Міне, сондықтан
осынау теория авторларына шынайы құрмет білдіре тұра, тарихтағы
негізгі, ең тұрақты иерархия еркектердің әйелдерді сабау қабілетіне
негізделді дегендеріне бәрібір сене алмаймыз.
Қоғамның қоқыстары
Басқа бір теория еркектердің басымдығы күште емес, агрессияда
екенін айтады. Эволюцияның миллиондаған жылында олар әйелдерге
қарағанда әлдеқайда агрессивті болып алды. Әйелдер жеккөру, сараң-
дық пен долылық жағынан еркектермен теңесуі тіпті асып түсуі мүмкін,
бірақ бетпе-бет келгенде еркектер тән зорлығына оп-оңай бара берді.
Міне, тарихтың кез келген кезеңінде әскери іс неліктен еркектердің қү-
зырында қалғаны түсінікті шығар.
Соғыс уақытында қарулы күштерге еркектер әмір беретіндіктен,
олар саяси билік тізгінін де уыста ұстады, ал саяси билікті олар жаңа со-
ғыстар ашуға пайдаланды. Соғыс көбейген сайын еркектер билігі нығая
Достарыңызбен бөлісу: |