емес, нәсілдер болды, бірақ олар бір-біріне тәуелсіз, әрқайсысы өзінің эволюциялық жолымен дамыды. Ал нацистердің пікірінше, бүл тағы қайталануы мүмкін. Homo sapiens, - деді олар, - әрқайсысы ғажайып қасиеттер иеленген нәсілдерге бөлінді, солардың арасында бәрінен тәуірі арийлер: оларға әдемілік, ақылдылық, еңбеккерлік пен адам- гершілік сипаттар тән. Арий нәсілі әлдеқайда жоғары, адами өреден биік деңгейде дамуға қарымды. Өзге нәсілдер - еврейлер, қаранәсіл- ділер - ең нашар сипаттар еншілеген осы заманның неандертальдық- тары. Олардың көбеюіне, әсіресе арийлермен некелесуіне жол беріп қойса, онда өздерінің азғын гендерімен бүкіл жер жүзі тұрғындарының тегін бүлдіреді, содан Homo sapiens жоғалып кетуі мүмкін... Биологтар нацизмнің нәсілдік теориясын теріске шығарды. 1945 жылы жүргізілген генетикалық зерттеулер әр алуан адами желілер арасындағы айырмашылықтар нацистер айтқандағыдан әлдеқайда аз екенін дәпелдеді. Бірақ бұл қорытынды жаңа деректер арқасында ғана жасалып, ал 1933 жылғы ғылымның жай-күйі нацистік теорияға жол беріп қойған еді. Батыс элитасының көпшілік бөлігі әрқилы деңгейдегі нәсілдердің барына жене әлдебір жоғары нәсілді дамыту қажеттігіне сеніп қалды. Батыстың беделді университеттерінің ғалымдары сол ке- зеңде мойындаған ғылыми әдістерді пайдалана отырып, ақ нәсіл өкіл- дері африкалықтар мен үндістерге қарағанда ақыл-есті, адамгершілігі мен қабілеті мол екенін дәлелдеп бақты. Вашингтондағы, Лондон мен Канберрадағы саясаткерлер ақ нәсілдің азғындауына жол бермеуді, соның ішінде «арий елдеріне», яғни АҚШ пен Австралияға қытайлар- дың ғана емес, италияндардың имиграциясын шектеуді өз міндеттері санады. 2 0 5