&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін



Pdf көрінісі
бет241/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ҮШ ІНШ І БӨЛІМ
Г у м а н и с т ік н а н ы м д а р -
а д а м з а т қ а т а б ы н ғ а н д ін д е р
Либералдық гуманизм 1 Социалистік гуманизм | Эволюциялық гуманизм
H o m o S a p ie n s
өзге тіршілік иелері мен құбылыстардың бәрінің болмысынан 
ерекшеленіп тұратын бірегей әрі қасиетті жаратылыс
«Адами жаратылыс» 
жеке-дара әрі 
H om o
S a p ie n s
түрінің әрбір 
өкіліне тән
«Адами жаратылыс» 
ұжымдық және түтастай 
алғанда 
H o m o S a p ie n s-
тің барлық түріне тән
«Адами жаратылыс» 
құбылмалы, біреулер 
асқақ адамға айналады да, 
кейбіреулер адами деңгейге 
жете алмай қалады
Үлағатты өсиет - әр 
H o m o S a p ie n s
-тің ішкі 
болмысы мен еркіндігін 
сақтау
Үлағатты өсиет -
H o m o
S a p ie n s-т ің
барлық 
түрінің теңдігін қорғау
Үлағатты өсиет - адамзат 
баласын азғындықтан 
сақтап, асқақ адам 
деңгейіне дейін дамуына 
септесу
Тың ғылыми зерттеулер ғана емес, сондай-ақ маңызды әлеуметтік 
және саяси оқиғалар да көзқарасты түбегейлі өзгертті. Гитлер өзіне 
ғана емес, бүкіл нәсілдік теорияға көр қазды. Екінші дүниежүзілік со- 
ғысты өршітіп, ол өзінің қарсыластарын «біз» және «олар» деген ұғым- 
дар арасына айқын шекара қоюға мәжбүрледі. Нацистер нәсілшілдікті 
идеологияға айналдырғандықтан да Батыста нәсілдік теория абырой- 
дан айырылып, беделін біржола түсіріп алды. Әрине, бірден емес. 
Ақнәсілділердің артықшылығы Америка саясатында 1960 жылдарға 
дейін үстем идеология болды. Терісі басқа түсті эмигранттардың ағы- 
нын шектейтін «Ақ Австралия» тек 1973 жылы күшін жойды. Байырғы 
түрғындар 1960 жылы ғана азаматтық алды, бәрібір оларды сайлауға 
қатыстырмады, өйткені екінші сүрыптағы адамдар санады.
Нацистер адамзатты жек көрді. Олар адамды әспеттеген либерал- 
ды гуманизмге, адам құқықтары мен коммунизмге қарсы күресті. Олар 
түр ретіндегі адамның ауқымды әлеуетіне сенді. Әйтсе де Дарвиннің 
қисынына елітіп, табиғи іріктеу арқылы жарамсыз нүсқаларды елеп 
шығарып, көбею үшін тек тәуірлерін ғана қалдыру керек деп пайымда- 
ды. Олардың пікірінше, әлсіздердің тірі қалуына жәрдемдесу, тек қана 
тірі қалмай, көбейіп, өсіп-өнуіне өзгелермен бірдей мүмкіндік беру ар- 
қылы либерализм мен коммунизм эволюцияға кесел келтіреді. Іріп- 
шіріген либерализм теңізінде ең жарамды адамзат бөлігін қүжынаған 
әлсіз құбыжықтар жұтып қояды. Адамзат қауымы әбден өліп-семіп біт- 
кенше ұрпақ ауысқан сайын азғындай береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   237   238   239   240   241   242   243   244   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет