2011 жылғы Араб көктемін аңдай алмаған Таяу Шығыс жөніндегі ма- мандарға ұрсып жатады. Бірақ оларды тілдеп, балағаттаулары әділет- сіздік қой, революциялар болжамға әсте көнбейді. Алдын ала болжан- ған революция болмай қалады. Неліктен бұлай? Ойлап қарайықшы: қазір 2010 жыл, саяси ғылым- дардың әлдебір данышпаны әлдебір компьютер майталманының кө- мегімен революцияны күн ілгері болжай алатын бағдарлама жасады делік. Сол екеуі өз қызметтерін Египет президенті Мүбаракқа ұсынып, қомақты ақы алады да, оған өз болжамдары бойынша таяу жылдарда Египетті революция күтіп тұрғанын ескертеді. Мүбарак қандай әрекет қылады? Сірә, салық мөлшерін азайтып, халыққа миллиардтап ақша үлестіретін, керек болған жағдайда, құпия полицияны сақадай сай қылып қоятын шығар. Осындай алдын алу шаралары текке кетпей- ді - жылжып жылдар өтеді, ал революция бәрібір болмайды. Мүбарак ақшаны кері қайтаруды талап етеді. «Сендердің алгоритмдерің бос әу- решілік қана! - дейді ол ғалымдарға - Ақшаны текке шашқанша, өзі- ме тағы бір сарай салдырғаным жөн еді». «Бірақ революция сізге ес- керткендіктен болмай қалды ғой», - дейді ғалымдар ақталып. «Мына сендер болжамдары орындалған пайғамбарлардың сойынансыңдар ма? - деп, Мүбарак мысқылдай күледі де, күзетшілеріне оларды тұт- қындауға бүйрық береді. - Мен мүндайлардың оншақтысын Каир база- рынан теріп аламын - көк тиын құны жоқ бұлардың». Сонымен, тарихты не үшін зерттеп-зерделеу керек? Физика мен экономикадан айырмашылығы: тарих дәл болжауға келмейді. Оны болашақты анықтау үшін емес, тек өзіміздің ұғымымызды кеңейтіп, қазіргі хал-ахуалдың өзі соншалықты табиғи емес немесе қашып құ- тылмайтын құбылыс екенін түсіну үшін зерделейміз. Демек, тап қазір