&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


биологиялық, экологиялық немесе экономикалық күштердің іс-әреке-



Pdf көрінісі
бет246/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

биологиялық, экологиялық немесе экономикалық күштердің іс-әреке-
тіне саюға тырысады. Римдік Жерорта теңізінің әлдебір география-
лык, генетикалық немесе экономикалық факторы монотеиісшіл діннің
асқақтауына жол ашты деген пікірге табан тіреп тұрып алады. Тарих-
шылардың көбі мұндай жорамалға шүбәлана қарайды. Академиялық
тарихтың ерекшелігі де осында: нақты тарихи кезеңді жақсы білген са-
йын, неліктен бәрі басқаша емес, тап осылай өрбігенін түсіндіру қиын-
дай береді. Осы кезең жөнінде атүсті, жалаңқат білімі барлар әдетте
болған оқиғалардан басқа мүмкіндіктерді аңғара бермейді. Басқаша
болуы мүмкін емес деп қарапайым, жай ғана сюжеттермен әңгімелей
жөнеледі. Сол дәуірді жетік білетіндер тарих әлдеқандай себептермен
елеп-ескермей кеткен жолдар көптігінен хабардар болады.
Шын мәнінде, қисын бойынша жай-ахуалды бәрінен жақсы білуге
тиіс жандар - сол дәуірде өмір сүрген адамдар көп дүниеден бейхабар
болды. Константин дәуіріндегі римдіктерге болашақ қалың тұман ішінде
тұрғандай бұлаңытып көрінді. Тарихтың темірдей қатаң заңы бар: күні
өткен соң қашып құтылмастай сезілетін нәрсе өз кезінде, дер шағында
мүлдем басқаша көрінеді. Мына қазіргі кезді алып қарайықшы. Жаһан-
дық экономикалық дағдарыстан шықтық па, әлде сорақысы әлі алда тұр
ма? Алып державаға айналғанша Қытай осы қарқынмен одан әрі өсе
бере ме? Құрама Штаттар үстемдігін жоғалта ма? Бізді экологиялық апат
немесе технологиялық жүмақ күтіп тұр ма? Анаған да, мынаған да тіпті
үшінші бір жорамал нұсқасына да сенімді дәлелдер келтіруге болады, 61-
рак дәл калай боларын қазір ешкім білмейді. Ал онжылдықтар өткен соң
адамдар артына бүрыла қарап, дурыс жауапты оңай тауып бере алады.
Кейде замандастары үшін дүдамалдау көрінген балама нұсқаның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет