&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ғасырларда байланыс нығайды, ал ажырамастай торап, шешілместей



Pdf көрінісі
бет269/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ғасырларда байланыс нығайды, ал ажырамастай торап, шешілместей
түйін тек XIX ғасырда байланды. 1800 жылы-ақ армияны нығайтуга
бел буған ел билеушілердің көпшілігі, өз өндірісін кеңейту қамын же-
ген магнаттардың бірсыпырасы физика, биология мен экономика са-
ласындағы зерттеулерден қаржы аяп қалған жоқ.
Бірде-бір ежелгі әміршінің басына бұл идея келген жоқ дей алмай-
мын. Жақсы тарихшы өткен шақтан кез келген өнегені табады. Ал үз-
дік тарихшы ондай өнеге-үлгілер жалпы оқиғаны күрделендіре түсетін
жай әншейін ермек екенін ескертеді. Қазіргі дәуірге дейінгі ел билеуші-
2 2 6


ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
лері мен кәсіпкерлердің басым бөлігі жаңа технологиялар алуды үміт
етіп, табиғатты зерттеу ісін қаржыландырған емес, ойшылдардың да
көпшілігі өз жаңалықтарын күрделі өрнекті құрылғыларға айналдыру-
ға құлықты болмады. Ел билеушілері дәстүрлі білімдерді тарататын
және сол арқылы қалыптасқан тәртіпті нығайта түсетін оқу орындарын
асырады.
Уақыт өткен сайын әлдебір жаңа технологиялар пайда болды,
бірақ олардың авторлары жүйелі ғылыми зерттеулерге төселген ға-
лымдар емес, байқап көру - қателесу әдісімен байқамай жаңалық
аша салған білімсіз қолөнершілер еді. Арбашы жыл сайын бір үлгідегі
арбаларды жасай берді. Ол табысының бір бөлігін зерттеуге арнап,
жаңа модельдер жасау ісіне жұмсай қоймайды. Университет табал-
дырығын ешқашан аттамаған, әрі әліпті таяқ деп білмейтін әлдебір
жергілікті шебердің тапқырлығының арқасында ғана дизайнды біртін-
деп жетілдірді.
Тап осы үрдіс тек жеке шаруашылықта ғана емес, мемлекеттік сек-
торда да байқалды. Қазіргі кезде үкіметтер энергетика мен денсаулық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет