жасаудың қажеті бар ма, сірә? Айта алмаймын. Бірақ тап қазір сіз осы
жолдарды оқып отырған кезде Американың Қорғаныс министрлігі на-
нотехнологияға, миды зерттеу жөніндегі зертханаларға осы жұмысты
атқаруға және сондай идеяларға миллиондаған доллар бөліп жатыр.
2 2 8
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
Бір ғажабы танктерден бастап атом бомбасы мен шыбын-шпион-
дарға дейінгі әскери технологияларға аса ынтызарлық білдіру баяғы-
дан бері кележатқан құбылыс. ХІХғасырға дейін, негізінен, техникалық
емес, ұйымдастырушылық салада, әскери істе бетбұрыстар жасалды.
Әртүрлі өркениеттер соқтығысқан кезде технологиялық теңсіздік кей-
де айтарлықтай рөл ойнады, бірақ бәрібір мұндай теңсіздікті тудыру
немесе тереңдете түсу туралы ешкім қам жеп, қамқорлық жасамады.
Арабтар Сасанидтер империясын өткір қылыш, оңтайлы садақтың ар-
қасында күйреткен жоқ. Селжұқтар византиялықтардан технология-
лық жағынан басым емес еді, моңғолдар да Қытайды ғажайып қару
түрімен бағындырған жоқ. Дәлірек айтқанда, үздік технологияларды
(әскери де, азаматтық та) жеңілгендер пайдаланған еді.
Ең айқын мысал - Рим әскерлері. Оларда өз кезеңінің үздік ар-
миясы болды. Алайда технологиялық көзқарас тұрғысынан Рим Кар-
фогеннен, Македония мен Селевкидтер империясынан басым емес
еді. Оның артықшылығы ұтымды ұйымға, темірдей тәртіп пен сар-
қылмастай адами ресурсқа байланысты болатын. Рим армиясының
зерттеу жене даму бөлімі болған жоқ, жүзжылдар бойы ол баяғы сол
бір қарумен соғысты. Б.з.д. II ғасырда Карфагенді жермен-жексен ет-
кен, содан соң нумантиялықтарды күйретіп тынған Сципион Эмилиан
500 жылдан кейін келер болашаққа, ¥лы Константин дәуіріне өтіп өмір
Достарыңызбен бөлісу: |