&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


кен Наполеонның әскери машинасы да жазаға тартылған XVI Людовик-



Pdf көрінісі
бет274/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

кен Наполеонның әскери машинасы да жазаға тартылған XVI Людовик-
тің армиясымен шамалас еді. Наполеонның өзі кәсіби артиллерияшы
болғаны не керек, сүңгуір қайықтар, ұшқыш аппараттар мен ракеталар
құрылысын қаржыландыруға өзін үздіксіз үгіттеп жатса да, жаңа қару-
жараққа қызықпай-ақ қойды.
Ғылым, өнеркәсіп пен әскери технология тек ка п и та л и с т жүйе-
нің нығаюына орай, индустриялық революциядан соң ғана бірге бас
қосты. Ал бұл байланыс орныққан бойда әлем де бет-бейнесін күрт
өзгертіп сала берді.
Прогресс мұраты
Ғылыми революцияға дейін мәдениеттердің біразы прогресс куль-
тш білген емес. Алтын ғасырды олар артқа апарып қойып, болашақтан
жақсылық күтпеді: элем не тоқырауға түсті, не кері кетіп бара жатыр
деп ойлады. Дәстүрлерге адалдық - мамыражай өткен шақты кері қай-
тарудыңжалғыз мүмкіндігі. Ал адамның тапқырлығы күнделікті күйбең
тірліктің әлдебір аспектісін жетілдіруге ғана жетіп қалар. Әлемнің іргелі
мәселелерін шешуге адамның шамасы келмейді. Мухаммед, Иса мен
Конфуцийлердің өзі ашаршылықты, ауру-сырқау мен соғысты аластай
алмаса, мына бізден не үміт, не қайыр?
Кейбір діни ағымдар «бір күні мәсіх келеді де, бүкіл соғыс, ашар-
шылық атаулыға, тіпті ажалдың өзіне нүкте қояды» деп дәмеленді-
реді. Алайда адамдардың өздері жаңа білім бастауларына қол жет-
кізіп, жаңа еңбек қүралдарын жасай алады деген ой жай ғана күлкілі
жайт емес, қара басына қатер төндіретін менмендік болып көрінер еді.
Бабыл мұнарасының, Икар мен Големнің тарихы және басқа да миф-
тер адамдарға өздеріне белгілеп берген шектен шығып кетуге тыры-
сушылықтың көпшілігі міндетті түрде дағдарыс пен апатты жағдайға
душар ететінін ишаралады.
Ж аңа заман мәдениеті маңызды нәрселердің көбі белгісіз екенін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет