ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
34. Бенжамин Франклин құдайлардың қаруын тартып алуда.
Найзағайды мысалға алайық. Адамдар найзағайдың күнәһар-
ларды жазалап жатқан ашулы құдайдың балағаты екеніне сенді. XVII
ғасырдың ортасында найзағай Бенжамин Франклиннің назарын ауда-
рып, Америка оқымыстысы ғылым тарихындағы ең даңқты сынақтарын
жасады. Ол өз жорамалын тексеріп көру үшін күн күркіреп, найзағай
ойнап тұрған шақта әуеге батпырауық ұшырды, Франклин найзағайды
бар болғаны электр заряды деген еді. Электр энергиясының қасиет-
тері туралы білімін эмпирикалық бақылаулар арқылы толықтырып,
Франклин найзағай тартқышты ойлап тауып, қаһарлы құдайлардың
«қаруын» тартып ала бастады.
Тағы бір маңызды мысал - кедейшілік. Көптеген мәдени ортада ол
күнәһар әлемнің қашып қүтыла алмайтын басыбайлы сипаты ретінде
қарастырылды. «Жаңа өсиетте» мынадай бір эпизод бар: крестке ке-
рілгенге дейін Исаны әлдебір әйел киелі әрі қымбат, 300 динар түратын
зәйтүн майымен сылайды. Исаның шәкірттері әйелдің бұл қадамына
ренжіп: «Одан да ақшаңды жоқ-жітіктерге үлестірсеңші», - деп ұрсады.
Сонда Иса оған араша түсіп: «...қалаған кезде кедейлер әрқашан қас-
тарыңнан табылады, қайырымдылықжасай аласыңдар, ал Мені әркез
таба алмайсыңдар» дейді (Марк 11:7). Бүгін жер бетіндегі адамдардың,
соның ішінде христиандардың көпшілігі Исаның бүл уәжін қолдамай-
ды. Жұртшылықтың пікірі бойынша, агрономияның, экономиканың, ме
дицина мен әлеуметтанудың бүгінгі жаңалықтары кедейшілікті жоюға
қабілетті.
ІІІынында да, әлемнің біраз елі кедейшіліктің шетін көріністері-
нен біржола құтылды. Тарихтың ұзын-ырғасында қоғам жарлылықтың
екі түрінен: өзгеге қолжетімді мүмкіндіктерден қағылатын әлеумет-
тік және ішер тамақ пен тұрар баспана жоқтықтан адам өмірінің өзі-
не қауіп-қатер төнетін биологиялық немесе абсолютті кедейшіліктен
зардап шекті.
Достарыңызбен бөлісу: