&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


мәселелердің бәрін шешіп тастауды үйренген жоқпыз. Бірақ ғалымдар



Pdf көрінісі
бет278/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

мәселелердің бәрін шешіп тастауды үйренген жоқпыз. Бірақ ғалымдар
ізденіп жүр, әлемдегі ақылы асқандары ажалдың мән-мағынасын іздеуге
алтындай уақыттарын зая етпей, қартаю мен ауруға тікелей қатысы бар
физиологиялық, гормоналдық және генетикалық жүйелерді зерттеуде.
Күндердің бір күнінде біздің өмірімізді ұзартатын, бәлкім, тажал ажалды
біржола аулаққа қуып тастайтын жаңа дәрі-дәрмектер, емдеудің револю-
циялық әдістері, жасанды ағзалар жасалуы мүмкін.
Бүгінге дейін ғалымдардың ешқайсысы мұндай бірдеңе айтуға
тәуекел ете алмады. «Ажалды жеңу? Бос сөз! Тек қатерлі ісік, тубер­
кулез бен Альцгеймер кеселіне шипа табуға тырысамыз», - деді дәрі-
герлер. Өлім-жітіммен күресу туралы сөз қозғамады, мұндай мақсатқа
қол жетпейтіндей көрінді. Ақталмайтын үміт отын тұтатудың керегі не?
Әйтсе де қазір тарихтағы сол сәтке таяп қалдық, енді «ғылыми рево-
люцияның басты жобасы - адамзаттың мәңгі өмірі» дегенді ашық айта
береміз. Ғылыми революцияның басты жобасы - адамға мәңгілік өмір
сыйлау. Тіпті өлімнің өлімі тым алыста тұрған мақсат тәрізді көрінген
күнде де, бірнеше жүз жыл бұрын қиялдай да алмаған көп нәрсеге қол
жеткіздік. 1199 жылы арыстан жүректі Ричард король жебе тиіп иы-
ғынан жараланды. Бүгінде мұны жеңіл-желпі жарақат деп есептейді,
ал 1199 жылы антибиотиктер болған жоқ, әрі гигиенаның қарапайым
ережелері сақталмады; болмашы ғана жараға инфекция түсіп, шіри
бастады. XII ғасыр соңында Еуропада гангренаны тоқтатудың бірғана
тәсілін: дененің зақымданған бөлігін кесіп тастауды ғана білді. Бірақ
иықты кесе алмайсың. Сонымен, байғұс корольдің бүкіл денесіне жа-
раның уыты жайылып, арыстан жүректі Ричардқа ешкім араша түсе
алмады. Екі апта өткен соң ол жаны қиналып, азаппен көз жүмды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет