өмір сүру үзақтығы 3 0 - 4 0 жастан аспаған, бұл статистикаға сәбилер- дің өлім-жітімі салқынын тигізген, нәресте алғашқы, ең қауіпті жылдан аман өтсе, онда 60, кейде 80 жасқа дейін есен-сау ғумыр кешу мүмкін- дігі молайған. Бүгінгі малшы мен егінші тайпалардағы 45 жасқа келген әйел тагы да 20 жыл дәурен сүруге дәмеленеді, себебі олардағы ха- лықтың 5 - 8 %-ының өмір сүру ұзақтығы 60-тан жоғары6. Табыс сыры рационның алуантүрлілігінде жатыр. Егіншілер аз та- мақтанады, олардың азық-түлікжиынтығы тым жұтаң. Индустриялық ко там алдындағы дәуірде егіншілер калорияны, негізінен, өсімдіктің жал- ғыз-жарым түрінен - бидайдан, күріштен немесе картоптан ғана алды, организмге ауадай кажет дәрумендер мен микроэлементтер жетіспеді. Ежелгі терімшілер болса, сан алуан өсімдіктердің ондаған түрін тұрақты жеп түрды, сондықтан нәрлі дәрумендер мен баска да маңызды қоспа- лардың берін бойға сіңірді. Бұған қоса, олар тіршілігін бидайға немесе күрішке ғана байлап қоймағандықтан, егін шықпай қалған кезде де аш- тан өлгөн емес. Аграрлық қоғам дегенің: қуаңшылық ұрып, өрт шыққан немесе жөр сілкінген кезде қырылып қалуға таяп қалды. Әлбетте, табиғи апаттар терімшілерге де жайсыз тиді, ежелгі адамдар да мұктаждык пөн ашаршылық кезеңін бастан өткерді, алайда олар мүндай сәтсіздіктің тығырығынан шығар жолды тез әрі оңай тапты. Бір тамақтың түрі тапшы болса, екіншісін тапты - басқа бір өсімдіктердің жемістерін төрді немесе аң аулады, табиғи апатқа үшырамаған өзге өлкеге көшіп кете салды. Жұқпалы аурулар да (мысалы, шешек, қызылша және құрт ауруы) аңшылар мен терімшілерге тікелей қауіп төндірген жоқ. Аграрлық және өнеркәсіптік қоғамды қынадай қырған індет атаулы үй жануарларынан тарайды. Адамдар аграрлық революцияның нәтижесінде ауыра баста-