Ми неғурлым үлкен болған сайын бүкіл дененің шығыны да со- ғұрлым көп болады ғой. Миды, әсіресе қазандай басты көтеріп жүру оңай емес. Ондай миды қоректендіру одан да бетер қиындық тудыра- ды. Homo sap/ens-тің жалпы салмағының 2-3%-ы мидың үлесіне тие- ді, алайда калыпты жағдайда ми денеден шығатын бүкіл энергияның 25%-ын тутынады. Салыстырып көрелік: басқа приматтардың миы демалыс кезінде жалпы қуаттың 8%-ын ғана қанағат қылады. Ежел- гі адамдарға ұлғайған мидың өтемі қымбатқа түсті: біріншіден, олар уақыттың көбін тамақ іэдеуге жумсады; екіншіден, олардың бұлшық еттері босаң тартты. Құдды қаржыны армияға емес, білім беру ісін да- мытуға жүмсаған үкімет сияқты, адамдар бұлшық еттердегі күшті тар- тып алып, нейрондарды жетілдіруге жұмсады, ал бүл саванналарда 16
КОГНИТИВТІ РЕВОЛЮЦИЯ күнелту үшін аса қолайлы амал емес еді. Шимпанзе адаммен ғылыми айтысқа түссе, жеңе алмайды, ал енді айқаса кетсе, лезде дал-дұлын шығарары хақ. Үлкен миымыз пайдамызға жарады, әйтпегенде машина мен зең- бірек ойлап тауып, шимпанзеден де ебжіл қимылдап, олармен айқа- са кету орнына қауіпсіз жерде тұрып-ақ қару кезенбес едік қой. Көлік пен қару - қазіргі заманның жаңалығы. Екі миллион жыл бойы, адам басындағы нейрондар өсіп-жетіліп жатқан шақта, адамдар тасшақпақ пышағымен, сүңгілі таяғымен мақтанбай қайтеді? Ендеше, дәл осы 2 миллион жыл бойы адам миы ненің себебінен ұлғайды? Шынын айт- сақ, бүл сауалдың жауабын таппадық... Адамның тағы бір ерекше қыры - тігінен жүретіні. Аяғынан қаз ту рью, саваннаны шолуға, жемтігін немесе дұшпанын алыстан көруге қолайлы. Жүріп-туруға қатыспайтын қолдарымен түрлі буйымдар ж а-