БІР ІН ШІ БӨЛІМ
Қалтарыста қалған қаңқалар
Homo sapiens
бұдан да көлеңкелі деректі құпия ұстады: біздің то-
лып жатқан тағылау туыстарымыз ғана емес,
бірге туған аға-інілері-
міз бен апа-сіңлілеріміз де болған. Ал өзімізді жалғыз деп ойлайтын
себебіміз - соңғы 10 мың жыл бойы біздің түр айналада, шынымен
де, жападан-жалғыз қалған еді. Бірақ «адам деген...»
сөздің дәл ма-
ғынасы -
Homo
түріне жататын жануар. Бүл туыстың
Homo sapiens-
тен өзге де түрлері бар еді. Ол аз десеңіз,
кітаптың соңғы тарауында,
бізге қол созым қалған болашақта
sapiens
емес адамдармен күресетін
шығармыз деген болжамды жоққа шығармаймын.
Homo sapiens
түрінің
мүшелерін айқындау үшін
sapiens
терминін қолданамын.
Homo
туысы
мүшелерін анықтау үшін «адам» терминін қалдырамын.
Адамдар, яғни
Homo
туыстасына жататын жануарлар шамамен
осыдан 2,5 миллион жыл бүрын
Australopithecus,
былайша айтқанда,
«оңтүстік мешін» дейтін тым ежелгі маймылдар туыстасының бір тар-
мағы ретінде Шығыс Африкада пайда болды. 2 миллион жыл бұрын
ежелгі адамдардың бір бөлігі
отандарынан өкше көтеріп, Солтүстік
Африканың, Еуропа мен Азияның көлкіген кеңістігін кезуге аттанып,
шашырай қоныс тепті. Индонезияның қапырық джунглиінен гөрі Сол-
түстік Еуропаның қыраулы ормандарында тіршілік ету үшін басқа қабі-
леттер қажет болғандықтан, адам популяциясы әр бағытта дамуға тиіс
болды, соның нәтижесінде сан алуан түрлер қалыптасты, олардың әр-
қайсысына ғалымдар ауыз толтырып
айтарлықтай латын атауларын
ойлап тапты.
Достарыңызбен бөлісу: