&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Homo (адам) туыстастың sapiens (саналы) түріне жатады



Pdf көрінісі
бет6/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

Homo (адам) туыстастың sapiens (саналы) түріне жатады.
Туыстастар тұқымдастарға: мәселен, мысықтарға (арыстандар,
сілеусіндер, үй мысықтары), иттерге (қасқырлар, түлкілер, шибөрілер)
немесе піл тұқымдастарға (пілдер, мамонттар, мастоденттер) бірігеді.
Тұқымдастардың барлық мүшелерінің шығу тегі әлдебір ортақ текке
ұласып жатады. Айталық, барлық мысық атаулы, үйдегі титімдөй мар-
ғаудан айбарлы арыстанға дейінгі түрлердің бәрі шамамен 25 миллион
жыл бұрын тіршілік еткен ортақ зәузаттан тараған.
Дерегін ұзақ та табанды түрде құпия ұстап келгөнімен, Homo
sapiens те ерекшө тұқымдасқа жатады. Homo sapiens туыстастықта
өзін басқа жануарлардан белек жаратылған, жалқы түр - апа-сіңлісі
мен аға-інісі, туыс-жұрағаты, ең бастысы, ата-анасы жоқ жетім ретін-
де көрсеткісі келді. Бірақ бүл жаңсақ пікір. Қаласақ та, қаламасақ та,
біз-жыртылып-айырылып, шулап жүретін үлкен маймылдар (жетілген
приматтар) тұқымдасының мүшесіміз. Қазір солардың арасында жа-
қын туыстарымыз - гориллалар, орангутангтар мен гиббондар, э ф е ­
се бізге ең жақыны - шимпанзе. Небәрі 6 миллион жыл бұрын бір май-
мылдан екі қыз туған. Солардың бірі - бүгінгі шимпанзелердің, екіншісі
адамдардың арғы-арғы-арғы... әжесі саналады.
13


БІР ІН ШІ БӨЛІМ
Қалтарыста қалған қаңқалар
Homo sapiens
бұдан да көлеңкелі деректі құпия ұстады: біздің то- 
лып жатқан тағылау туыстарымыз ғана емес, бірге туған аға-інілері- 
міз бен апа-сіңлілеріміз де болған. Ал өзімізді жалғыз деп ойлайтын 
себебіміз - соңғы 10 мың жыл бойы біздің түр айналада, шынымен 
де, жападан-жалғыз қалған еді. Бірақ «адам деген...» сөздің дәл ма- 
ғынасы -
Homo
түріне жататын жануар. Бүл туыстың 
Homo sapiens-
тен өзге де түрлері бар еді. Ол аз десеңіз, кітаптың соңғы тарауында
бізге қол созым қалған болашақта 
sapiens
емес адамдармен күресетін 
шығармыз деген болжамды жоққа шығармаймын. 
Homo sapiens
түрінің 
мүшелерін айқындау үшін 
sapiens
терминін қолданамын. 
Homo
туысы 
мүшелерін анықтау үшін «адам» терминін қалдырамын.
Адамдар, яғни 
Homo
туыстасына жататын жануарлар шамамен 
осыдан 2,5 миллион жыл бүрын 
Australopithecus,
былайша айтқанда, 
«оңтүстік мешін» дейтін тым ежелгі маймылдар туыстасының бір тар- 
мағы ретінде Шығыс Африкада пайда болды. 2 миллион жыл бұрын 
ежелгі адамдардың бір бөлігі отандарынан өкше көтеріп, Солтүстік 
Африканың, Еуропа мен Азияның көлкіген кеңістігін кезуге аттанып, 
шашырай қоныс тепті. Индонезияның қапырық джунглиінен гөрі Сол- 
түстік Еуропаның қыраулы ормандарында тіршілік ету үшін басқа қабі- 
леттер қажет болғандықтан, адам популяциясы әр бағытта дамуға тиіс 
болды, соның нәтижесінде сан алуан түрлер қалыптасты, олардың әр- 
қайсысына ғалымдар ауыз толтырып айтарлықтай латын атауларын 
ойлап тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет