&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


тың әр сөтіндө жер жүзін бір ғана адам түрі мекендеді және ежелгі



Pdf көрінісі
бет9/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

тың әр сөтіндө жер жүзін бір ғана адам түрі мекендеді және ежелгі
түрлердің бәрі қазіргі адамның ескірген түрлері деген жаңсақ байлам
жасауға үрындырды. Шын мөнінде, екі миллион жылға тарта уақыт
бойы - шамамен 10 мың жыл бүрын бірнешө адам түрі бір мезгілде
өмір сүрді. Мұны жоққа шығарудың жөні бар ма? Қазір де түлкілер-
дің, аюлар мен шошқалардың көптеген түрі тіршілік өтөді ғой. Осыдан
100 мың жылдай уақыт бүрын жер бетінде адамның алты түрі жосып
жүрген. Қалыпты қағидаға қаяу түсіретін өзгеше жағдаят - (бүл бізге
күмәннің көлеңкесін жамылдыратын ерекшелік) алуан текті өткеніміз
емес, қазіргі кездегі жеке-дара сипатымыз. Көп ұзамай sapiens-тің өліп
қалған туыстары туралы кез келген естелікті тұмшалап, тұншықтырып
отыратын себебі бар екеніне көз жеткіземіз.
Ойлаудың қадірі
Адамзат түрлерінің айырмашылығына қарамай, айқын аңғары-
латын ортақ нышандары да бар. Ең алдымен, басқа жануарлармен
салыстырғанда, адамдардың миы тым үлкен. Салмағы 60 килограмм
тартатын сүтқоректілер миының орташа көлемі - 200 текше санти­
метр болса, 60 килограмдық Homo sapiens-тің миы 1200-1400 төкше
сантиметр. 2,5 миллион жыл бұрын алғашқы адамдардың миы шама­
мен 600 текше сантиметр болды. Неандертальдықтың миы одан да
үлкен еді.
«Неліктен эволюция осы миды ғана қолдап, қолпаштады?» - де­
ген сауалға жауап іздеп, бас қатырудың қажеті жоқ сияқты көрінеді.
Өз зердемізге масаттанып, бас үлкен болған сайын ақыл асып-төгіліп
жататынына сенеміз. Бірақ тап осы сеніміміз айнымас ақиқат болса,
мысық тұқымдастар да математикалық талдауға қабілетті үрпақ өрбі-
тер еді ғой. Барша жануарлар патшалығынан неге тек бір ғана Homo
туыстасы соншама салмақты да күрделі ойлау аппаратын иеленді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет