КОГНИТИВТІ РЕВОЛЮЦИЯ қалыптасты, олар билік пен мәртебе үшін таласты - бірақ өздерінің шимпанзе, бабуин, піл сияқты табиғи қалыптарын сақтап қалды. Адам- дардың жануарлардан еш айырмашылығы болған емес. Еіщайсысы, ең алдымен, адамдардың өздері ұрпақтарының Ай бетіне аяқ басып, атомды ыдырататынын, генетикалық кодтың күрмеуін шешіп, жылна- малар жазатынын болжай алған жоқ. Тарих есебі басталғанға дейінгі адамдар жөнінде сөз оздырған кезде мынаны есте сақтауға тиіспіз: ол ең қарапайым жануар еді әрі экологиялық ортаға горилладан, зауза қоңыздан немесе медузадан артық эсер еткен емес. Биологтар организмді туыстастар мен түрлерге бөледі. Бір түрдің жануарлары бір-бірімен шағылысып, тұқымдық урпақ қалдыра алады. Жылқылар мен есектердің арғы тегі онша алые емес әрі ортақ белгіле- рі де жетерлік, алайда өзара шағылысып, күйектесе бермейді. Оларды мәжбүрлеп сүріске салу нәтижесінде дүбәра тел - мула туады, бірақ одан ұрпақ өрбімөйді. Өйткені жылқы мен есек әрқилы түрге жатады. Керісінше, бульдог пен спаниель бір-біріне мүлде ұқсамайды, әйтсе де олар жақсы жүптасады, ал олардың күшіктері кейін басқа ит тұ- қымдарымен ылығып, үрпақ жалғастыра береді. Себебі бульдог пен спаниель бір түрге - иттерге жатады. Ортақ зәузаттан тараған түрлер туыстастарға бірігеді. Арыстан- дар, жолбарыстар, барыстар мен теңбілшерлер - Panthera туыстастар- дың әрқилы түрлері. Биологтар жанды организмдерге қосамжар латын атауын береді, бірінші аты - туыстығын, екіншісі түрін білдіреді. Мыса- лы, арыстандар - Panthera Іео, яғни Panthera туыстастың Іео түрі. Са- йып келгенде, осы кітаптың кез келген оқырманы - Homo sapiens, яғни