&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Бірінші бөлім КОГНИТИВТІ РЕВОЛЮЦИЯ



Pdf көрінісі
бет4/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

10


Бірінші бөлім
КОГНИТИВТІ РЕВОЛЮЦИЯ
1. Адамның алақан таңбасы. Францияның оңтүстігіндө, Шове-Пон-Д'Арк үңгіріне
осыдан 30 мын жыл бүрын салған. Әлдебіреу:
«Бул жерде мен бармын!» - деп айтқысы келгендей.


БІР ІН ШІ БӨЛІМ
1 -тарау
Ештеңесімен ерекшеленбейтін жануар
Шамамен 13,5 миллиардтай жыл бұрын Жер шарында Үлкен жары- 
лыс болып, материя, энергия, уақыт пен кеңістік қалыптасты. Ғаламның 
мұндай күрделі құбылыстарының сырын физика пәні зерттейді.
Арада 300 мың жыл өткен соң материя мен энергия өзара күрделі 
кешен - атомды түзіп, ал олар молекулаларды құра бастады. Атомдар 
мен молекулалардың тарихы мен өзара әрекеттесу жайын химия зер- 
делейді.
Шамамен 3,8 миллиард жыл бұрын Жер шарында әлдебір молеку- 
лалар қосылып, ірі де күрделі организмді құрды. Органикалық тіршілік 
тарихымен биология айналысады.
Шамамен 70 мың жыл бұрын 
Homo sapiens
түріне тиесілі орга- 
низмдер әлдеқайда жетілген құрылым жасады. Біз оны «мәдениет» 
деп атаймыз. Адами мәдениеттің одан арғы тағдырына тарих ғылымы 
қызығушылық танытуда.
Адамзат тарихының барысын үш ірі революция айқындады. Когни- 
тивті революция 70 мың жыл бұрын тарихқа өз сүрлеуін салды. 12 мың 
жыл бұрынғы аграрлық революция үдерісті елеулі түрде шапшаңдатты. 
Бар-жоғы 500 жыл бұрын басталған ғылыми революция біздің тарихты 
аяқтап, жаңа жол ашуға толық қабілетті. Осы кітапта үш революцияның 
адамдарға, басқа да тіршілік иелеріне, олардың сенімді серіктеріне ка­
пай эсер еткені жөнінде баяндаймыз.
Адамдар тарихи есеп басталғанға дейін де өмір сүрген. Қазіргі 
адамдарға өте ұқсас жануарлар алғаш рет осыдан 2,5 миллион жыл бұ- 
рын пайда болған. Сансыз үрпақ ауысқан уақыт ағымында олар өздері 
мекендеген жердегі миллиардтаған тіршілік иелерінен еш ерекшелен- 
ген жоқ.
Екі миллион жыл бүрынғы Шығыс Африканы аралап жүрсеңіз, мы- 
надай үйреншікті көрініске кезігер едіңіз: мейірімді аналар бөбектерін 
бауырына басып, бейқам балақайлар шалшықта асыр салып жүр; ал- 
бырт жастар шарттылықтың құрсауына наразылық білдірсе, қалжыра- 
ған қарттар қу жанына тыныштық тілеумен отыр; сын-сымбаты келіс- 
кен жігіт жергілікті сұлу бикенің көзіне түспек болып аласұрып, кеудесін 
жұдырығымен төмпештеп бақса, абыздай дана әжелер төңірекке көз 
салып, осының бәрін талай көргенін есіне алады. Баяғы заманның 
адамдары ойнай да, ойлай да білді, араларында берік қарым-қатынас


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет