&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


келтіру үшін оларды қинап, жүртшылықтың көз алдында өлтіру керек



Pdf көрінісі
бет238/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

келтіру үшін оларды қинап, жүртшылықтың көз алдында өлтіру керек,
тәртіп қалай қалпына келтірілетінін барша жұрт көруге тиіс деп есеп-
теді. Шекспир мен Мольердің замандастары қанды оқиғаны көру үшін
Лондон мен Париждің орталығына ағылатын еді. Қазіргі Еуропада кісі-
өлтірушілікті адам табиғатына қастандық жасау ретінде бағаланады.
Әлемдік тәртіптің салтанаты үшін қылмыскерлерді енді қинап, жазала-
майды. Оларға жазаның «гуманды» түрлерін ойлап тауып, сол арқылы
кейде әлгі кісі өлтірушінің адами табиғатының киелілігін асқақтатып
қояды. Қандықол қарақшының да адами болмысын құрметтей отырып,
бүгінгі гуманизм осынау болмыстың киелілігі туралы баршаның есіне
салады, сол арқылы әлемдік тәртіпті қалпына келтіреді. Кісі өлтіруші
қылмыскерді қорғаштай отырып, кісі өлтіру қылмысы бүлдірген дүние-
ні жөндейміз.
Адам табиғатын дәріптеу арқылы либералдық гуманизм Құдайдың
бар екенін теріске шығармайды әрі ашықтан-ашық монотеисшілдік се-
німдерге иек артады. Адамның еркін, киелі табиғатына сену - азат әрі
өлмейтін жан туралы дәстүрлі христиандық ұғымның мұрасы. Ж арату-
шы Ие мен жанның мәңгілігіне сенімді сызып тастаса, либералдарға
жекелеген адам тұлғасының киелілігін дәлелдеу өте қиын болар еді.
Тағы бір қуатты секта - с о ц и а л и с т гуманизм. Социалистер үшін
адами қасиеттерді таратушы - жеке тұлға емес, ұжым. Олар әркімнің
ішкі дауысын емес, Homo sapiens түрінің өзін тұтастай қасиетті санай-
ды. Әр адамның мейлінше еркіндігін жақтайтын либералды гуманизм-
нен с о ц и а л и с т гуманизмнің айырмашылығы: ол азаттыққа емес, тең-
дікке ұмтылады. Теңсіздікті социалистер адами табиғаттың киеліліге
қарсы жасалған қиянат, күнә санайды, өйткені теңсіздік адамның әм-
бебап табиғатына емес, екінші дәрежедегі қасиеттеріне мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет