зерттеуге миллиард доллар инвестиция салды. Ондай зерттеулер ба-
рысындағы білім атом электр стансасын салып, арзан электр қуатын
өндіруге жене Америка үкіметіне салық төлейтін өнеркәсіпті дамытуға
мүмкіндік берді, сол салықтардың бір бөлігі қайтадан ядролық физика
саласындағы зерттеулерге жұмсалды.
Ғылыми революцияның тұйық шеңбері. Прогресс үшін ғылыми зерттеулер жеткіліксіз.
Ғылыми зерттеулерді ресурстармен қамтамасыз ететін саяси және экономикалық
институттар өзара әрекеттесуі керек. Қажет мөлшерде қаржыландырылған гылыми зерт
теулер адамзатқа жаңа мүмкіндіктер ашып береді, дұрыс пайдалана білсе,
олар жаңа ресурстар көзін тауып, ғылымға тағы қаржы алып келеді.
21 8
ҒЫ ЛЫ М И РЕВОЛЮЦИЯ
Қазіргі адамзаттың зерттеулер көмегімен жаңа мүмкіндіктерді
иелену қабілетіне неліктен сенімі артты? Осы тарауда жаңа заман
ғылымының ерекше сипатын қарастырып, нақты жауабын табуға ты-
рысамыз. Келесі екі тарауда ғылымның, еуропалық империялар мен
байланыс арналарының қалыптасу жайын зерттейміз.
Ignoramus
Кем дегенде когнитивті революция кезеңінен бері адамдар ға-
ламның жұмбағын шешуге бас қатырып келді. Ата-бабаларымыз та-
биғат әлемін басқарушы заңдарды танып-білуге тырысып, уақыты мен
күш-жігерін аямады. Әйтсе де жаңа заман ғылымы дәстүрлі білімнен
үш параметр бойынша түбегейлі ерекшеленді:
1. Білмейтінін мойындауға бейімдігі.
Жаңа заман ғылымы
ignoramus - «білімсіз» не болмаса қараңғы деген латын өсиетіне сүйе-
неді. Яғни бізге әлі бәрі мәлім емес деген алғышарттан шығады. Тағы
не нәрсе маңызды: бізге мәлім, ақиқатқа баланған нәрсе қордалы бі-
лім жиналған кезде өтірік болып шығады. Сынға үшырамайтын тео-
Достарыңызбен бөлісу: |