&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


тағы бір Айға - аспанды бақылаушылардың барлығы әлдеқалай се-



Pdf көрінісі
бет303/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

тағы бір Айға - аспанды бақылаушылардың барлығы әлдеқалай се-
бептермен байқамай қалған жер серігіне кезіккен сәтін көзге елестетіп
көріңізші. Ештеңе білмейтінін мойындаудан бас тарта отырып, Колумб
өзін ортағасырлық адам сияқты ұстады. Ол мынау дүниедегінің бәрін
білетініне сенімді еді, тіпті өзінің ашқан ғажайып жаңалығы да оның
пікірін өзгерте алмады.
Ж аңа заманның мойны озық, маңдайы жарық адамы Италия те-
ңізшісі, 1499-1504 жылдарда Америкаға бірнеше рет барған экспеди-
цияға қатысушы Америго Веспуччи болып шықты. 1502-1504 жылдары
Еуропада осы экспедициялар туралы екі шығарма жарияланды. Вес-
пуччидің атына телитін бұл жазбаларда Колумб ашқан жердің - Азия
жағалауындағы жай ғана арал емес, қасиетті кітаптарда да, ежелгі
географтардың еңбектерінде де, жаңа замандағы еуропалықтардың
жазбаларында да айтылмаған тұтас бір құрлық екенін баяндайды.
1507 жылы беделді картограф Мартин Вальдземюллер осы түжы-
рымға келісе отырып, әлемнің жаңа картасын жариялады, онда еуро-
палықтардың жүзіп барған орны тұңғыш рет ерекше құрлық ретінде
белгіленді. Бұл қүрлық кескінін сызып алып, оны қалай атау жайын
ойланды. Ол бұл жерді ашқан Америго деп қателесіп, жаңа құрлықты
соның есімімен атауға шешім қабылдады. Вальдземюллердің картасы
үлкен сұранысқа ие болып, талай картограф оның көшірмесін жасады,
осылайша оның жаңа құрлыққа берген аты таралып кетті. Қос құрлық
немесе дүниенің ширегін алып жатқан жердің аты беймәлім бір ита-
лиялықтың есімімен аталуында да мән бар. Ол «біз білмейміз» деп
айта алды.
Осы оқиғадан ғылыми революция басталды. Американы ашу еу-
ропалықтарды өткен шақтың дәстүрлі білімінен нақты бақылау нәти-
желерін жоғары қоюға талпындырды, ал Американы бағындырып, иге-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет