&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


руге құмарлықжаңа білім арналарын меңгеруге мәжбүр етті. Даңғайыр



Pdf көрінісі
бет304/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

руге құмарлықжаңа білім арналарын меңгеруге мәжбүр етті. Даңғайыр
жер аумағын басқару үшін осы аймақтың географиясы, климаты, фло-
расы мен фаунасы, тілдері мен тарихы туралы қисапсыз мөлшердегі
мағлұматтар жинау қажет болды. Христиандық шығармалар, геогра-
фияның көне оқулықтары мен ежелгі ауызекі айтылатын білім көзі бу­
тан көмектесе алмады.
249


ТӨРТ ІНШІ БӨЛІМ
36. 1459 жылғы Еуропа картасы (Еуропа сол жақтағы жоғарғы бұрышта тұр).
Картада нақтыланған жерлер көп. Тіпті еуропалықтарға мүлде таныс емес
Оңтүстік Африка секілді өңірлерді де көрсеткен.
Енді Еуропа географтары ғана емес, сондай-ақ барша мамандық- 
тың ғалымдары да өз карталарына «ақтаңдақтар» қоя бастады. Олар 
теорияларының әлі де жартыкештігін, өздеріне беймағлұм әлдебір 
нәрселердің жетіспейтінін мойындады.
Еуропалықтардың картаға енгізген «ақтаңдақтары», құдды магнит 
сияқты ержүрек теңізшілерді олқылық орнын тез толтыруға жетелей 
жөнелді. XV және XVI ғасырлар ағымында еуропалықтар Африканы 
айнала жүзіп өтіп, Американы зерттеді, Тынық мұхитты да, Үнді мухи- 
тын да көктей өтіп, бүкіл элем бойынша отар елдер жүйесі мен теңіз 
базасын қурды. Олар тұңғыш рет шынайы әлемдік империялар құрды. 
Алғаш рет біртұтас әлемдік сауда желісі пайда болды. Еуропалық им­
п ери ал ист экспедиция әлем тарихын өзгертті: жекелеген халықтар 
мен өркениеттердің жылнамалары бірегей, біріккен адамзат қауымы- 
ның тарихына айналды.
«Зерттеу және бағындыру» экспедициялары туралы соншама 
көп естідік, оның шындыққа қаншалықты сәйкес келетінін білмейміз. 
Бұрын ондай оқиғалар болған емес. Сондай алыс сапарлар, беймә- 
лім жерлерді бағындыру - адам баласының табиғатына сәйкес емес. 
Тарихи тұрғыдан алғанда, адамзат жергілікті қақтығыстарға ұрынып, 
көрші елдермен кикілжіңге келіп те жатты. Олардың алыстағы елдерді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет