&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


нін ашып, дін, лингвистика, ботаника саласын зерттеуде көп үлес қосты



Pdf көрінісі
бет300/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

нін ашып, дін, лингвистика, ботаника саласын зерттеуде көп үлес қосты.
1831 жылы корольдік флот Оңтүстік Америка жағалауларын, сон-
дай-ақ Фолкленд жене Галапагос аралдарын барлау үшін «Бигль» ке-
месін жабдықтады. Флотқа бұл мәліметтер соғыс бола қойған жағдай-
да дайын тұру үшін қажет еді. Ғылыммен әуестеніп жүретін корабль
капитаны өзімен бірге геолог-маманды ала кеткен жен деп шешті.
Мейлі, жолшыбай кездесетін кен орындарын зерттей берсін. Алайда
кәсіби геологтар бұл ұсыныстан бас тартты да, капитан Кембридждің
жиырма екі жасар түлегі Чарльз Дарвинді шақыруға мәжбүр болды.
Дарвин діни қызметкер оқуында жүр еді, бірақ оны Библиядан гөрі,
геология мен басқа да ғылым салалары қатты қызықтыратын. Ол мұн-
дай мүмкіндікке тастай қатып жабысып алды. Одан кейін не болғаны
баршаға белгілі ғой. Капитан өзінің әскери-теңіз картасын сызды, ал
Дарвин мағлұматтар жинап, эволюция теориясына жол салатын идея-
ларды ой елегінен өткізе берді.
1969 жылғы 20 шілдеде Нил Армстронг пен Базз Олдрин Айға қон-
ды. «Аполлон-11» экипажы ұшар алдында бірнеше ай бойы АҚШ-тың
батысындағы шөлейт далада, «Ай ландшафтында» жаттықты. Аме-
риканың бірнеше байырғы тайпалары өмір сүретін сол жерлерде бір
хикая - астронавтардың жергілікті тұрғындармен кездескені туралы
аңыз бар.
Бірде астронавтарға қарт үндіс келіп, не істеп жүргендерін сұрай-
ды. Олар Айға ұшуға дайындалып жатырмыз дейді. Мүны естіген қария
сәл үнсіз қалады да, астронавтардан өзіне бір көмек көрсетуді өтінеді.
- Не істеу керек? - дейді бұлар.
- Біздің тайпаның адамдары Айды қасиетті рухтар мекендейтініне
сенеді, - дейді қария, - Сендер оларға халқымның маңызды хабарла-
масын алып бара аласыңдар ма?
- Қандай хабар? - деп сұрайды астронавтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет