&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


түстікке қарай он шақырымдай қашықтықта жатқан мұсылмандардың



Pdf көрінісі
бет296/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

түстікке қарай он шақырымдай қашықтықта жатқан мұсылмандардың
киелі мекендерімен жалғастырды. Бұл жолды бельгиялықтар салып,
арнаулы қызмет көрсетті. 1950 жылы Парсы империясының бүкіл те-
міржол желісінің узындығы небәрі 2500 шақырым еді, бұл жер аумағы
жағынан Британияның көлемінен жеті есе үлкен елдегі жағдай6.
Қытайлар мен парсылар үшін техникалық өнертабыстың өзі мәсе-
ле болған жоқ. Оларды сатып алу немесе көшірмелеу қолдан келетін
еді. Бұларға басқасы - Батыста қалыптасып, жетілген құндылықтар
мен мифтер, сот аппараты мен әлеуметтік-саяси құрылымдар жетіс-
педі. Мұндай нәрселерді тез көшіріп алып, игеру әсте мүмкін емес.


ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
Франция мен АҚШ Британияның үлгісін ала білді, өйткені олардың не-
гізгі мифтері мен әлеуметтік құрылымдары бірдей болды. Қытайлар
да, парсылар да Еуропаны қуып жете алмады, себебі олар басқаша
ойлап, өзгелерінің іс-әрекеттерін өзгеше өрбітті.
Осылайша түсіндірсек 1500-1850 жылдардағы оқиғаларға себез-
гілей сәуле түседі. Сол дәуірдегі Еуропаның азиялық державалардан
ешқандай технологиялық, саяси, әскери немесе экономикалық артық-
шылықтары болған емес. Бірақ Еуропа әлеует-қарымын бойына жия
берді де, 1850 жылдың шамасында жарқ ете көзге түсті. Еуропаның,
Қытай мен мұсылман әлемінің арасындағы тепе-теңдік 1750 жылдың
өзінде-ақ көзалдау ғана болып қалды. Биіктігі көкпен таласқан зәулім
мұнаралар салып жатқан екі қүрылысшыны елестетіп көрейікші. Біреуі
ағаш пен саз кірпіштен салып жатыр, екіншісі болат пен бетонды іске
қосты. Бастапқыда жүмыс тәсіліндегі айырмашылық аңғарылмайды,
мұнара шамамен бірдей жылдамдықпен биіктеп барады, бірдей биік-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет