&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


пай күйретіп, оның орнына мемлекет пен нарықты жайғастырған ең



Pdf көрінісі
бет384/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

пай күйретіп, оның орнына мемлекет пен нарықты жайғастырған ең
шешімтал әлеуметтік төңкеріс іспеттес. Адамдардың шағын, тығыз
үйысқан қауымда өмір сүргенін, олардың мүшелерінің көбі бір-біріне
туыс болғанын бұған дейін де айтқанбыз. Когнитивті, аграрлық рево-
люциялар бүл қалыпты бүзған емес. Олар отбасыларды тайпаларға,
содан соң қалаларға, корольдік пен империяларға біріктірді, бірақ бі-
ріккеннен кейін де отбасылар мен қауымдар кез келген қоғамның негізгі
әрі берік қаланған кірпіші болып қала берді. Индустриялық революция
3 0 6


ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
ғасырға жетпейтін уақытта осы кірпіштерді атомдарға бөлшектеудің
қыбын тапты. Отбасы мен қауым атқаратын дәстүрлі міндеттердің тү-
гелге жуығы мемлекет пен нарықтың еншісіне өтті.
Отбасы мен қауымның ыдырауы
Индустриялық революцияға дейін адамдардың көбінің күнделік-
ті тірлігі бағзыдан келе жатқан үш топтың: отбасының, әулеттің және
көрші жамағаттың* көз алдында өтті. Олар, негізінен, отбасылық кәсіп-
орындарда - өзінің жер телімінде немесе шеберханасында, ал жолы
болмай, иті қырын жүгіргендері көршісіне жалданып жұмыс істеді.
Әлеуметтік кепілдікті, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін кә-
сіподақты, құрылыс мердігерлерін, зейнетақы қорын сақтандыру ком-
паниясын, радио-теледидарды, газет-журналды, банкті тіпті полиция
жүйесін де отбасы деп есептеуге болады.
Адам науқастанып қалса, отбасы қамқорлық жасады. Қарияларды
да туыстары бағып-қақты, балалары зейнетақы қорының қызметін ат-
қарды. Ата-анасы мезгілсіз қайтыс болған жетімдерді отбасы өз қамқор-
лығына алып, өсіріп-өндірді. Жаңадан үй салу қажет болса, оны бәрі жа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет