ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ті өтіп жатыр деп есептеймін», «Болашаққа оптимизммен қараймын»,
«Өмірім жақсы». Содан соң зерттеушілер балдарды қосып, респон-
денттің қанағаттану деңгейін есептейді.
Мұндай сауалнамалар бақыттың субъективті сезімі мен әрқилы
объективті факторлардың ара салмағын ажырату үшін қолданылады.
Мәселен, жылына 100 мың доллар жалақы алатындар мен 50 мың
доллар табыс табатын адамдар салыстырыла зерттелді. Бірінші топ-
тағылардың субъективті молшылығы - 8,7 балл, ал екінші топтағылар-
дікі тек - 7,3 балл болса, байлық пен субъективті молшылық арасын-
да өзара байланыс бар. Қысқаша айтқанда, ақша көп болған сайын,
бақыт та молаяды деп пайымдауға болады. Демократиялық елдерде
тұратын адамдар диктаторлық режимде өмір сүретіндерден қанша-
лықты бақыттырақ, сондай-ақ некелескен адамдар бойдақтардан,
ажырасқан жалғызбастылардан, жесірлерден қаншалықты алаңсыз
деген сауалдарға да осы тәсіл арқылы жауап алуға болады.
Бұл тарихшылардың ізденістеріне де сенімді негіз қалайды. Олар
өткен кезеңдердегі байлық пен саяси бостандық деңгейін немесе ажы-
расулар пайызын зерттей алады. Демократия кезінде некелескен адам
дар бақытты өмір сүретіні анықталса, тарихшылардың «Соңғы онжыл-
дықтардағы демократияландыру үдерісі адамзаттың бақытты болуына
ықпал етті, ал өсіп бара жатқан ажырасушылар үрдісі, керісінше, бақыт-
қа кесірін тигізуде» деп дәйекті түрде тұжырым жасауына ерік береді.
Бұл тәсілдің кемшіліктері де жоқ емес, бірақ оның олқы жағына
шұқшимас бүрын, әуелі жетістігін қарастырып көрейік.
Қызықты қорытындылар арасында: «көп ақша шын мәнінде де ба-
қытты жете сезінуге әсерін тигізеді» деген де түйін бар. Алайда бұл
сезім белгілі бір шекке дейін жетеді де, одан әрі айырмашылық сел-
Достарыңызбен бөлісу: |