&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


зекті сұрақтарымен келгенде, олардың қайтарған жауаптары сол бір



Pdf көрінісі
бет418/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

зекті сұрақтарымен келгенде, олардың қайтарған жауаптары сол бір
қатерге душар болған күнгіден айырмашылығы аз екенін аңғарды.
Отбасы мен араласып-құраласатын орта бақыт деңгейіне ақша
мен денсаулықтан гөрі көбірек әсерін тигізеді екен. Өркенді, сенімді
достық әрі туыстық байланыстары бар мықты отбасында өсіп-өнген
адамдар үнемі алауыз, ешкіммен араласпайтын, тіпті араласқысы да
келмейтін отбасынан шыққандарға қарағанда әлдеқайда бақыттырақ
болатын көрінеді. Әсіресе некенің маңызы зор. Сәтті некелесу мен
субъективті әл-ауқаттың жоғары деңгейінің, неке мен бақыттылықтың
төмен балының арасында тікелей өзара сабақтастық барын зерттеу-
лер бірнеше мәрте дәлелдеп берді. Бұл - адамның экономикалық тіпті
физикалық жай-күйіне байланысты емес. Отбасының, құлай сүйетін
әйелі мен қайырымды достарының ортасында отырған кедей кейде
мүгедек жалғызбасты, соқа басы сопайып қалған миллиардерге Ка­
раганда, өзін әлдеқайда бақытты сезінеді ғой. Тек бір ғана ескертетін
жайт: ол тақыр кедейлікке килігіп, ауруы жанына батып, асқынып бара
жатпаса болғаны.
Осы жерде бір теория ойға келіп тұр: соңғы екі ғасырда отбасылар
мен тұтас қауымдар күйреді де, материалдық жағдай едәуір жақсар-
ды. Олай болса, орташа шамамен алғанда, Батыс елдерінің тұрғын-
дары 1800 жылғы адамдармен салыстырғанда өздерін онша бақытты
сезінбейді. Тіпті біз соншама әспеттеген бостандық та бақытқа қарсы
шығып тұр ғой. Әріптестерді, көршілер мен достарды таңдай аламыз,
бірақ енді олар бізді тастап кете береді. Әрбір адамның өмірлік жолын
таңдап алуына шексіз мүмкіндіктер пайда болғанымен, өмірлік мін-
деттерді атқару бұрынғыдан да қиындай түседі. Отбасы мен қоғамдық
байланыстар қирап, жалғыздықтың оқпанына түсіп кетеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   414   415   416   417   418   419   420   421   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет