болғандықтан, тарихшының жұмысы біршама қиындайды. Мысалы,
қазір жүйкені тыныштандырып, ауырғанды басатын дәрі-дәрмектер
толып жатыр, бірақ ауру-сырқауға немесе жайсыздыққа төзу қабілеті-
нің төмендегені сонша, ата-бабаларымызға қарағанда аурудан көбірек
азап шегеміз.
Мұндай дәйектемеге бас шұлғып, келісе кету оңай емес. Әлдебір
адамның қазір немесе өткен шақта қаншалықты бақытты болғанын ба-
ғамдағымыз келсе, оның орнына өзімізді қойып көргіміз келеді. Бірақ
мұндай тәсіл кәдеге аспайды, өйткені мүлде бөтен материалдық жағ-
дайларды өзіміздің субъективті дәмемізге көшіргіміз келеді. Орта ға-
сырдағы шаруа айлап жуынбады, оның ауыстырып киетін де ештеңесі
жоқ еді. Мұндай жағдайда өмір сүру туралы ойдың өзі қазіргі а дам-
fa жиіркенішті. Ал ортағасырлық шаруа оған елең етпеді. Ол сасыған
иіс пен үстіндегі кір-кір көйлекке әбден үйреніп алған еді. Ауыстырғы-
сы келсе де, басы артық киімі жоқ, тіпті ауыстыруға да онша құлықты
емес. Яғни киімі, түптеп келгенде, өзіне ұнайды, жайлы.
Бұл да ойлап қарасақ, таңғаларлық жағдай емес. Жақын жұ-
рағаттарымыз - шимпанзелер одан да сирек шомылады, ал киімін
мүлде ауыстырмайды, бірақ оған бола қиналып, ренжімейді. Өзі-
мізбен бірге үйде тұратын иттер мен мысықтардың да себелекпен
суға түсіп, жуынбайтыны және үстіндегісін ауыстырмайтыны еш ерсі
емес. Бәрібір оларды құшақтап, кейде емірене сүйеміз. Бақуатты
Батыста да бөбектердің көбі сусабынмен, ысқышпен жуындырған-
ды ұнатпайды: ересектердің пікірінше, оларды осы бір жақсы әдетке
үйреткенше ата-ананың біраз шыдамы мен уақыты кетеді. Бәрі дә-
меге байланысты қалыптасады.
3 3 0
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ
Достарыңызбен бөлісу: |