&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


байланыстырады. Оның нәтижесі, шынын айтсақ, адам шошытады



Pdf көрінісі
бет423/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

байланыстырады. Оның нәтижесі, шынын айтсақ, адам шошытады.
Биологтар ойларымыз бен сезім ауанымызды эволюция миллионда-
ған жылдар бойы қалыптаған биохимиялық тетіктер басқарады деп есеп-
тейді. Жан дүниеміздегі кез келген хал-ахуал сияқты факторларға - жа-
лақы мөлшері, қарым-қатынастар жүйесі, саяси қүқықтар емес, керісінше,
жүйкенің, нейрондардың, түйіспелер мен биологиялық белеенді заттек-
тердің: еротиннің, дофамин мен окситоциннің күрделі жүйесін құрайды.
Лотореядан ұту да, үй сатып алу да тіпті сүйіспеншілік те адамды
бақытты ете алмайды. Адамды бақытты ететін бір ғана нәрсе - орга-
низмдегі жағымды сезім ауаны. Лотореядан ұтқан адам немесе махаб-
332


ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ Ц ИЯ
бат ләззатына кенелген адам шаттықтан аспанға шапшыса, ол сүйіс-
пеншілік сезімге немесе ақшаға еліге елеуреп тұрған жоқ. Ол қандағы
гормондарға, мидың белгілі бір бөлігіндегі электр зарядтарына жауап
қайтарып, желігіп кетті.
Өкінішке қарай, жер бетінде жұмақ орнатпақшы ниеттің бәрін бел-
ден басқан, біздің биохимиялық жүйе, сірә, бақыттың белгілі бір деңге-
йін ғана қолдаумен шектеледі. Табиғи іріктеу үрдісі бұл жерде жарамай
қалады: бақытты дәруіштің генетикалық желісі осы түстан үзіледі, ал
алаң көңіл ата-ананың гендері келесі ұрпақ буынына беріледі. Эволю-
цияда бақыт пен бақытсыздық ептеп-септеп қана рөл ойнап, әлдебір
сәтте тірі қалып, үрпақтарату үрдісіне септеседі. Сондықтан эволюция
бізді аса бақытты немесе тым бақытсыз жасамағанына таңданбаймыз.
Биологиялық түрғыдан жанға жайлы, жағымды сезімдердің қас-қағым
сәтінен ләззат алып, рақатқа бөленуге бейімделгенбіз. Бірақ ол ұзаққа
созылмайды: ерте ме, кеш пе, әйтеуір, жағымсыздау сезімдер ауанына


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   419   420   421   422   423   424   425   426   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет