&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


келе, ортағасырлық адам, сірә, он балдық шкала бойынша еңжоғарғы



Pdf көрінісі
бет431/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

келе, ортағасырлық адам, сірә, он балдық шкала бойынша еңжоғарғы
бағаны белгілейтін шығар.
Сонымен, ата-бабаларымыз бақытты болды ма, өйткені олар о
дүниедегі өмірдің ұжымдық елесімен көңіл жүбатып өтті ғой? Иә, осы
қиялды тартып алғанша, олар неге мұңаюы керек? Қаншама сөз са-
пырғанымызбен, ғылыми көзқарас түрғысынан адам өмірінде мән-
мағына мардымсыздау. Адамзат жосықты себебі де, мақсаты да жоқ,
кездейсоқ эволюциялық іріктеудің нәтижесінде пайда болды. Қарекет-
қылықтарымыз ешқашан қүдіреті күшті құдайдың ғарыштық жоспары-
ның бір бөлігі болған да емес, ертең Жер шары түгі қалмай жойылып
кетсе де, он сегіз мың ғалам түк болмағандай, ештеңені елеместен
одан әрі жасай береді. Субъективті бақылаушы - адам мынау ғаламға
соншалықты қажет еді деп пайымдауға әзірше ғылыми дәлелдеріміз
жоқ. Сондықтан адамдар өз өміріне дарытуға тырысатын кез келген
мән-мағынаның бәрі бос қиял. Бүлаңытқан сағым ғана, орта ғасыр
адамның өтпелі ғүмырына мән-мағына дарытқан о дүниенің рақаты
туралы арман да қазіргі гуманистер, ұлтшылдар мен капиталистер өз
өмірлерінен тапқан мән-мағына тәрізді негізсіздеу нәрсе еді. Ғалым
22-728
337


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
білім арналарын кеңейту, солдат қару ұстап, Отанын қорғау, кәсіпкер
жаңа компания құру арқылы өз болмысын ақтап алғысы келеді; және
бұлардың бәрі ортағасырлық схоласт, крест жорығына қатысушы не-
месе шіркеу салушы сияқты ашық күнде адасады.
Олай болса, бәлкім, бақыт дегеніміз - жеке елес қуу әуресінің
ұжымдық қиялға ұласуы шығар? Жеке басымның хикаялары әзірше
жалпы сюжетке кірігіп тұрған кезде мен де өмірімнің мән-мағынаға
толы екеніне сене аламын, сол сеніммен бақыттымын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   427   428   429   430   431   432   433   434   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет