ғана сүйеніп тұрғанын айтады. Күн сайын бәрі жұмысқа деген қабілеті
мен міндетін атқаруға жарамдылығына кесел келтірместен, адамды
бақытты қылатын синтетикалық дәрі - «зоша»-ның қажетті мөлшерін
ішеді. Жер шарын түгел қамтыған бүкіләлемдік мемлекет енді соғыс-
тыңда, революциялардыңда, наразылықшерулерініңде, ереуілдердің
де не екенін білмейді, себебі адамдардың барлығы хал-ахуалдарына
дән риза. Шын мәнінде, болашақтың бұндай кейіпте көрінуі Джордж
Оруэллдің (1984) романында суреттелген сюжеттен де қорқынышты-
лау. Бірақ «Таңгажайып жаңа әлемді» оқу барысында оқырмандардың
көбінің бойын үрей билегенімен, ешқайсысы қорқынышы мен жиірке-
нішінің себебін түсіндіріп бере алмады. Хакслидің әлемінде жұрттың
бәрі әрдайым бақытты - оның несі жаман екен?
Өмірдің мәні
Хакслидің қорқынышты әлемі бақытты тән ләззатына теңестіретін
биологиялық теориядан өрбіп шықты. Бақытты болу деген - жағымды,
рақат сезімге кенелу, басқа түк емес, - дейді ол. Биохимиямыз ондай
сезім ауанының өрісі мен мерзімін шектейтіндіктен, ұзақмерзімді ба-
қыттың бас айналдырар деңгейін сезінуі үшін адамдардың биохимия-
лык жүйесін реттеу керек.
Бірақ бақытқа мүндай анықтама беруге ғалымдардың бәрі бірдей
келісе қоймайды. Экономика тақырыбы бойынша Нобель сыйлығын ал-
ған Даниел Канеманның (Daniel Kahneman) атақты зерттеуінде сынаққа
қатысушыларға әр эпизодты бірінен соң бірін қалт жібермей: әр минут-
тан өздері қалай ләззат алғанын немесе қолайсыздық көргенін бағалап
отыру үшін қарапайым жұмыс күнін ұсынды. Көп адамдардың өз өмі-
ріне қарым-қатынасында кереғарлық бары байқалды. Мысалы, бала
тәрбиелеуге кететін еңбекті алайық. Қуанышты кездер мен жағымсыз
3 3 6
|