дер арасында бақыттылар көп ұшырасады, бірақ бұл неке бақытты болуға кепілдік береді дегенді білдірмейді ғой, бәлкім, көбінесе ба- қытты адамдар некелесетін шығар. Ғылым тілімен айтсақ, тұла бой- дағы серотонин, дофамин мен окситоциннің жоғары мөлшері неке қиюға ықпал етеді. Тумысынан ақжарқын, ашық мінезді жандардың биохимиясы әдетте көңілді әрі бәріне разы күйде жүреді. Олар сирек ажырасады, өйткені тұнжырап, түңіле беретін пендеден гөрі, ақкөңіл, бәріне риза, бақытты адаммен тұрмыс құрып, түтін түтету әлдеқайда жеңіл ғой. Соған сәйкес үйленген адамдар орташа есеппен алғанда жалғызбастылардан бақыттырақ саналады, бірақ жалғызбасты долы әйел өзіне күйеу болар еркек тапқанда да көңілденіп, жайраң қағып кетуі неғайбілдеу ғой. Иә, биологтар да соншалықты фанатиктер емес. Олар, негізінен, биохимиядан құралатынын алға тартқандарымен, психологиялық және әлеуметтік факторларды да ескереді. Біздің эмоциялық конди- ционеріміз өзіне белгілеп берген шекара ішінде мейлінше емін-еркін қосыла береді. Жоғарғы және төменгі кермені қозғау әсте мүмкін емес, әйтсе де некелесу мен ажырасу осы белдемнің ішінде бақыг деңгейіне эсер етіп, ары-бері тербелтуі әбден мүмкін. Бақыттың орташа деңгейі бестік белгінің түсында тұрған адам қуаныштан асыр сала алмайды, 3 3 4
ҒЫ ЛЫ М И РЕВО ЛЮ ЦИЯ әйтсе де сәтті неке оның кей-кейде жетілік деңгейіне жетуіне, уайым- мұңның үштік белгісінен қашып шығуына да мүмкіндік береді. Бақыттың биологиялық тәсілдемесімен келісе кетсек, онда тарих- тың мән-мағынасы қалмайды, өйткені тарихи оқиғалардың ауқымды бөлігі жекелеген адамның биохимиялық жүйесіне дем беріп қояды,