&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


өзі де әулие Павелмен жене әулие Аугустинмен келісе кететін шығар



Pdf көрінісі
бет434/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

өзі де әулие Павелмен жене әулие Аугустинмен келісе кететін шығар.
Гендердің өзімшіл теориясына салсақ, табиғи сүрыптау кезінде адам-
дар да, өзге организмдер де индивидуумдарға кесірін тигізсе де, ген-
дердің көбеюіне қолайлы жағдайды таңдайды. Талай еркек өмір бойы
еңбек етеді, алаңдайды, жарысады, шайқасады, өйткені ДНҚ оларды
тыныштық пен бақыттан айыра отырып, эгоистік мақсаттарын жүзеге
асыруға пайдаланады. Тап шайтан сияқты ДНҚ еркектерді өткінші ба-
қыттың тұзақ жемімен алдап-арбайды да, өзіне қызмет еткізеді.
Діни және философиялық ағымдардың біразы бақыт мәселесіне
либерализмнен мүлде басқа жолмен келеді3. Әсіресе буддизм ұсын-
ған жол қызықтырақ. Өзге дінге қарағанда, буддизм бақыт ұғымына кө-
бірек көңіл бөледі. 2500 жыл буддистер бақыттың мәні мен қайнар көз-
дерін жүйелі зерделеді, сондықтан мамандар буддалық философия
мен медитация тәжірибесіне жіті көңіл бөледі. Буддизмде бақытты ра-
қаттану мен мән-мағынаны субъективті сезіну деп емес, керісінше, сол
субъективті сезінуге ұмтылудан азат болу деп қарастырады.
Буддизм мен биологиялық әдістің бақыт туралы түсінігі ұқсас. Бұл
көзқарас бойынша, бақыт дегеніміз - сыртқы дүниедегі оқиғалар емес,
адам тәніндегі үдерістер. Осы түсінік тұрғысынан бақыт жайлы толға-
ған буддизм мүлдем жаңа ой түйеді.
Буддизм көзқарасы тұрғысынан қарағанда, адамдардың көбі жа-
ғымды сезінуді - бақытқа, ал жағымсыз сезінулерді бейнетке балай
отырып, өз сезімдеріне тым көп мән береді. Соның нәтижесінде олар
мүмкіндігінше молырақ жағымды сезімге бөленіп, жағымсызынан қа-
шуға тырысады.
339
u<«q.Y 
\ ,
іАі'


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   430   431   432   433   434   435   436   437   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет